Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Тіршілік қауіпсіздік негіздер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тіршілік қауіпсіздік негіздері слайд,презентация

 


 

 

Үсік -тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күзде ауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі.
   Кенеттен түскен аяз, жоғары ылғалдылық, суық жел, далада ұзақ уақыт жүріп қалу – үсудің себептері негізінен осылар. 
Бет пен құлақ үсуі
Жиі жағдайда далада ашық қалатын бет, мұрын, құлақ зардап шегеді.Ашық жерлердің үсуінің бірінші белгісі ашуы мен шаншуы.Далада жүргенде бет пен құлақтың қызаруы – қалыпты жайт,бұл қан тамырларының  қосымша  жұмысының белгісі ғана.Алайда бетіңіз қатты қызарып, тіпті күлгін түсті болып кетсе, немесе аппақ болып,қызғылт-күлгін дақтар пайда болса, тезірек жылынуыңыз керек.
Бұл – үсудің белгілері.
Қол-аяқтың үсуі
Саусақтардың шаншып ауруы, ұйып қалуы қол-аяқтың үсуін білдіреді.Тіпті қалың етік пен қолғап қатты аяздан қорғай алмауы мүмкін, саусақтарыңыз ылғалдық, қар әсерінен тоңып қала алады.Оған қоса қыста қабаттап шұлық кию етікті тар қылып, қимылдауға мүмкіндік бермеуі де аяқтың тез үсуіне өз ықпалын қосады. 

Жарақаттар–бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз-зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында)
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану. 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар. 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 538 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]