Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Тіршілік қауіпсіздігі туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тіршілік қауіпсіздігі туралы слайд,презентация

 

 

 

Біз тіршілік ететін орта мен өндірістік орталарда әртүрлі қауіптердің болатындығы белгілі. Қауіптердің жіктелуін алдыңғы дәрістерде көрсетіп өткен болатынбыз. Қауіпті және зианды факторлады анықтаушы белгілерге мыналар жатады-олар адам организіміне тікелей әсер ету мүмкіндігі, адам органдарының қалыпты қызметінің бұзылуы. Сонымен қауіптілік құбылысы деп, адамға деген қолайсыз әсерлерді айтамыз. Кез келген қызмет потенциальды түрде қауіпті. Енді қауіпті және зиянды өндірістік факторларға тоқталайық олар: зиянды заттар,   иондаушы сәулелер,  және басқа да негативті факторлар болып жіктеледі. 
Зиянды заттар

Қазіргі уақытта 7 млн-нан астам химиялық зат белгілі. Оның 60 мың түрі түрлі салаларда қолданылады: тағамға қоспа ретінде – 5500; дәрілік зат ретінде – 4000; тұрмыстық химиялық препарат ретінде – 1500. Осы қосылыстар жылдан-жылға қоршаған ортаны ластап, түрлі ауруларға соқтыруда.    Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады:             
1) концерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  — рак, генезис  —    шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500  осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен  және  басқа  да  полициклді  ароматтық     көмірсулар,     ультракүлгін сәулелер,   радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер,    нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.   Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. 
Сонымен қатар, эмбриогендерді  де бөліп  көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық)  эмбрионалдық   даму   кезінде   зақымдануларға  әкелетін заттар.  Эмбриогендерге  тератогендер, мутагендер және басқа   да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.
Адам   қызметінің   нәтижесінде   жаңа,   бұрын   болмаған   аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
        Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың  пайда  болуын  күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК)  қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де  жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары  ғана оның  улы қасиеттері анықталды.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 435 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]