Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Табиғи іріктелу слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Табиғи іріктелу слайд,презентация

 

 

Табиғи іріктелу


Табиғи іріктелу популяцияда белгінің қай көрсеткіштің сақталуына байланысты мынадай 3 типке: қозғаушы(бағыттаушы), тұрақтандырушы (ортаға тартушы) және бөліп көрсететін (дизруптивті немесе сыртқа тебуші) типтерге бөлінеді.
Мәселен паразит жануарлардың көптеген түрлерінде іріктелу дене мөлшерінің кішіреюіне қарай жүрді. Едәуір ұсақ паразиттер жақсы тіршілік етті, демек, сансыз ұрпақ қалдырды. Тұяқтыларды іріктелу жүгіру жылдамдығына қарай жүрді. Неғұрлым жылдамдығы жоғары болса , соғұрлым жыртқыштармен күресте тірі қалу мүмкіндігі көбірек болды. Оларда бұл мақсатта саусақ санының азаюы қызмет атқарады. Жұптияқтыларды (құлан, тарпан, түзат) бір саусақтан қалды. 
жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі. Регенерациятерминін 1712 ж. француз табиғат зерттеушісі Р.А. Реомюр (1683 — 1757) ұсынды. Регенерация физиол. және реперативтік деп бөлінеді.
жойылған не зақымданған өсімдік бөлігінің жаңадан түзілуі, сондай-ақ организм бөлігінен тұтас ағзаның қалпына келуі. Өсімдік Регенерациясы олардың жүйеленімдік топтарына қарай әр түрлі, ол өсімдік құрылысына, оның даму фазасына, тіршілік ететін ортасына байланысты. Өсімдік Регенерациясын өсімдікті вегетативтік жолмен (сабағы, тамыры, жапырағынан) көбейтуге пайдаланады.
Бұдан дауылдын соң тірі қалған құстар мысал бола алады (ХІХ ғасырда Англиядағы және ХХ ғасырдағы Нью-Йорктегі зерттеулер). Дауыл мен қар жауып тұрған уақытта ең ірі және ең кішкене қанатты құстардың өліп, орташаларының тірі қалатыны байқалады. Өсімдіктерде тұрақтандырушы іріктелу гүлдеу мерзімінде жиі болады. Әсіресе , біздің өрік, алма ағашы, жүзім, т.б. Тәрізді бақ өсімдіктерінен байқалады. Ең ерте гүлдеген ағаштан мен бұталар көктемгі үсікке тап болмауға, ең жай гүлдегендері тозаңданып, тұқымның пісіп жетілуіне улгеруге тырысады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (03.02.2015)
Просмотров: 2502 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]