Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 11.12.2017
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Тәуелділік шақыратын дәрілік заттар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тәуелділік шақыратын дәрілік заттар слайд,презентация

 

 

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар
Тәуелділік шақыратын препараттардың маңызы
Морфин, промедол, кокаинге түсініктеме беру
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Дәріге организмнің тұрақтылығы емдік қасиеті, организмге қауіпті, зиянды әсерлерге әкелетін ,үлкен дозалардан болғанда ғана айтады. Ол дәріге тұрақтылық емес, организмнің дәріге даралық сезімталдығының төмендеуінен дамыды, сол себептен дәріге тұрақтылық негізінен ауру туындатқан микробтарға (бактерияларға)қатысты  айтылады.
Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп атайды.Тек бір рет қабылдауға есептелген мөлшер ғана емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер жөнінде де хабардар болу қажет.Мөлшерді граммен немесе грамм үлесімен белгілейді.
Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды.
Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы, олардың кумуляциялану қабілетіне байланысты болады. Материалдық кумуляция деп ағзада формокологиялық заттардың жинақталу түрін айтады.Кейбір заттарға , оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді, әдетте көңіл – күйді жоғарылату,хал – жағдайын жақсарту, жағымсыз қайғыруды және сезінуді  тоқтату мақсатында, сонымен бірге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады.
Морфин алкалоиды медициналық практикада барынша кеңінен қолданылады. Медициналық мақсаттағы апиында морфиннің мөлшері 10% төмен болмауы керек. Морфин ОЖЖ тежегіш әсер көрсетеді.Ал  изохинолин қатарының алколоидтарына тегіс салалы бұлшықеттерге спазматикалық әсер көрсетеді.
Наркотикалық анальгетиктер жүйкелік жасуша мембранасына пре және постсинапстық мембрана деңгейінде опиоидты рецепторлармен байланысып калий каналдарын жабылуына әкеледі.
Наркотикалық анальгетиктер сопақша мидың, ортаңғы мидың төмендеткіш, тежегіш құрылымдарын күшейтеді.
Субьективті эмоционалды қабылдаудың бұзылуы, ауру сезімінің бағалануы және оған реакциялардың өзгеруі мүмкін.
Ауру сезімін басады;
Ұйқы шақырады;
Эйфория;
Дене температурасын төмедетеді, себебі гипоталамуста орналасқан жылу реттеу орталығын тежейді;
Диурезге қарсы гормондар деңгейін жоғарлатады;
Тыныс орталығын тежейді;
Жөтелге қарсы әсер етеді;
Көздің қарашығын тарылтады;
Құсу шақырады;
Брадикардия шақырады;
Жоғары мөлшерде гипотензивті әсер көрсетеді;
Морфин наркозға арналған заттардың, жергілікті анестезияның ұйықтатқыш әсерін күшейтеді;

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (01.02.2015)
Просмотров: 2675 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]