Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Құстар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Құстар слайд,презентация

 

 

 

Құстар класы – шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған және сонымен бірге, бүкіл мүшелері түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, жалпы тіршілігі күрт өзгерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған тобы. 


Құстар – денесі қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына қамқорлық жасайтын және сыртқы ортамен күрделі байланыстағы омыртқалы жануарлар.
Құстар класы – шыққан тегі бауырмен жорғалаушылардың көптеген морфологиялық ерекшеліктерін сақтаған және сонымен бірге, бүкіл мүшелері түгелімен дерлік майда морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, жалпы тіршілігі күрт өзгерген омыртқалы жануарлардың оқшауланған тобы. 


Құстар – денесі қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына қамқорлық жасайтын және сыртқы ортамен күрделі байланыстағы омыртқалы жануарлар.
Құстар денесінің температурасы тұрақты: ол әртүрлі кұстарда 39°С-тан 44°С-қа дейін жетеді. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған. Ол қауырсындар дененің ішкі жылуын сақтауда жәнс ұшуда маңызды рол атқарады. Қауырсын қаламшадан, сояудан және пәріден тұрады. Құстарда әртүрлі қауырсын типтері болады  
Құстардың қаңқасы көптеген іші қуыс, ауаға толы сүйектерден тұратындықтан жеңіл әрі берік. Бұлшық еттерден, әсіресе қанатты қозғайтын, кеуде еттері жақсы дамыған; көптеген құстарда олар кеуде сүйегінің қыртөсіне жалғасқан. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, безді және етті қарыннан, ащы және тоқ ішектен және айналшықтан тұрады. Айналшыққа зат шығару және жыныс мүшелерінің түтіктері ашылады. Бауыры және ұйқы безі бар. Құстардың өкпесі денесінің әртүрлі бөлігінде орналасқан әуе қапшықтары жүйесімен жалғасқан. Олар тыныс алуға, дене жылуын реттеуте және құс қаңқасының жеңілденуіне қатысады. Екі қан айналу шеңбері бар. Жүрегі төрт қуысты, екі құлақшадан жәнс екі қарыншадан тұрады. Құстарда сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ қолқа доғасы сақталады. Бүйрегі жамбасында орналасқан қуығы жоқ. Құстар – дара жынысты: кейде еркегі мен ұрғашысы сыртқы түрі бойынша өте жақсы ерекшеленеді. Құс мекиенінің аналық безі және тұқым жолы біреу ғана, ол денесінің сол жағында орналасқан. Еркегінің жыныс мүшелері (аталық безі, тұқым жолы ) екеу. Аталық безі дене қуысында орналасқан. Құстар жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын әртүрлі құрылысты ұяларға салады. Құстар жұмыртқаларынан шығатын алапандардың ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: ширақ балпан шығаратын құстар; қызылшақа балапан шығаратын құстар. Қызылшақа балапандар әлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген болады. Мұндай балапан шығаратын құстарға кептерлер, торғайлар, тоқылдақтар және т.б. жатады. Ширақ балапандар атына сейкес үлпілдек қауырсынды, әрі ширақ, көздері ашық, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетіне кіріседі. Ондай құстарға тауық тәрізділер, қаз тәрізділер, тырна тәрізділер және т.б. құстар жатса, жыртқыш құстар аралық орынға ис.  

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (10.04.2015)
Просмотров: 794 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]