Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Шала туылған балалар күтімі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Шала туылған балалар күтімі  слайд,презентация

 

 

Жаңа туған нәрестелердің күтімі жөніндегі Еуропалық қор мен америкалық қайырымдылық ұйымының бастамасымен 17 қараша- шала туған балалардың халықаралық күні деп аталады. Бұл мереке 2009 жылы алғаш рет халықаралық деңгейде тойланды.
Өзімізді қоршаған ортадағы зиянды факторлардың ұрыққа әсер ету зардаптарының бірі – баланың айына жетпей туылуы. Бірақ шала туылудың тағы да бұдан басқа да себептері кездеседі: әйел көп ұрықпен жүкті болған жағдайда, жыныс мүшесі онша жетілмеген жағдайда, қатты күйзеліске ұшырағанда, әйелдің жүктілік кезінде денесі жарақаттанса, т.б. Осындай себептерден және оларды толық жоюға мүмкіндіктің болмауынан айына жетпей босану да әзірге жойылмай келеді.
2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) критерийлерін енгізді. Яғни, 22 аптадан басталатын жүктіліктің (с 500,0г) тірі және өлі тууын тіркеуге алатын болды.
салмағы жеңіл, бойы қысқа, 
терісі жұқа, көкшіл түсті, тері астындағы май қабаты жоқ болуы мүмкін. 
Бүкіл денесін, ал өте шала туған жағдайда, тіпті бетін де түк мол жауып тұрады. 
Құлағының шеміршегі жұмсақ, қалқандары қисайып бітеді, симметриясы сақталмайды. 
Кіндік сақинасы іштің төменгі жағына орналасқан. Жыныс мүшелері жетіліп бітпеген (ер балалардың жұмыртқасы шат қуысында немесе іш пердесінде болады; ал қыз балалардың жыныс қынабы үлкен жыныстық еріндер жетілмегендіктен, ашық тұрады). 
Кеудесіне қарағанда, басы үлкен болып келеді, мойны жіңішке әрі ұзын. 
Дауысы әлсіз. Қол-аяқтары шидиген, ұзын болады. Бет терісі тынбастан, тіпті ұйықтап жатқан кезде де жиі жыбырлап тұрады.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (20.04.2015)
Просмотров: 1078 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]