Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Саркоидоз қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Саркоидоз қазақша слайд,презентация

 

 

Алғаш рет cаркоидоз тері ауруы ретінде әр түрлі атаулармен 19 ғасырдың II жартысында суреттелген. Ағылшын ғалымы Гетчинсон (J. Hutchinson) мен француздық дерматолог Бенье (Е. Besnier) терідегі өзгерістерді  қызыл жегінің әртүрлілігі деп есептеген және оны қалтыраған жегі деп атаған; терідегі инфильтраттардың гистологиялық картинасын есепке ала отырып оларды атау үшін «саркоид» (саркоматәрізді) терминін алғаш рет қолданған норвеждік дерматолог Бек (С. Boeck) болып табылады. Науқаста терінің, перифиялық лимфа түйіндерінің және қолдағы саусақ буындарының біруақытта зақымданғанын бақылаған Бенье сол кезде ақ аурудың жүйелілігін белгілеген. Терілік көріністердің паротитпен, сүйек, көз (ирит, конъюнктивит, увеит) зақымдануларымен бірігіп көрінуін басқа зерттеушілер анықтаған, ал 1917 жылы шведтік  дерматолог Шауманн (J.N. Schaumann)  осы ауруға тән  перифериялық және кеудеішілік лимфа түйіндерінің жиі ұлғаюын анықтаған. Бұл ауруды қатерсіз лимфогранулематоз деп атауға мүмкіндік берді.  Осыдан кейін ішкі органдардағы, жүйке жүйесіндегі саркоидоз көріністері ашылды. 1934  жылы Страсбургтегі халықаралық дерматологтардың съезінде осы аурудың зерттеуінде көп еңбектері сіңгендіктен бұл  ауруды Бенье — Бека — Шауманн ауруы деп атау ұсынылды. 
Саркоидоз  (sarcoidosis; грек. sarx, sarkos ет, дене + eidos түр+ -ōsis; синоним: Бека ауруы, Бенье — Бека — Шауманна ауруы, қатерсіз лимфогранулематоз, созылмалы эпителиоидты - клеткалық  ретикулоэндотелиоз және т.б.) —гранулематоз тобындағы жүйелі ауру; әр түрлі мүшелерде эпителиоидты - клеткалық гранулемалардың пайда болуымен көрінетін, қоршаған тіндердегі дистрофия мен некроз процессінің жиі фиброзға ауысуымен көрінетін продуктивті қабыну көрінісі тән.   

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 546 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]