Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Психологияның даму кезеңдері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Психологияның даму кезеңдері слайд,презентация

 

 

Кіріспе.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Кең тараған түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни үғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да; ғылым тарихы көрсеткеніндей, ежелгі грек философтарының алғашқы түжырымдары адамды практикалық тану негізінде бастау білімдерін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пікір бағыттарыньң жалпы дүние, соньң ішінде жан жөніндегі діни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияньң пәндік аймағьның кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан "жан" туралы ғылым деп танылды. Бірақ бүл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бүл сөз мағынасын сап қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.
Психологияның даму кезеңдері 4КЕЗЕҢ Психология —психика деректері,заңдылықтарымен тетіктерін зерттеуші ғылым Дуниеге материалдық көз-қарас негізінде қалыптасты. Қазіргі заман Ресей, Қазақстан психологиясының негізі — бейнелеу теориясын заңдылықты ұғынып, тусіну. 3 КЕЗЕҢ Психология -мінез-құлық жөніндегі ғылым Бастауы XX г. Психология міндеттері — тікелей, нақты көрінгендерді бақы-лауга алу. Дәлірек айтсвқ: мінез-құлық, қылық, адамның сыртқы әсерлерге жа-уапты әрекеттері (реакциясы). Қылық астарында жатқан сеп-турткілер (мотивтер) ескерілмейді. 2 КЕЗЕҢ Психология — сана жөніндегі ғылым Бастауы ХҮІІ г. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен бірге. Адамның ойлау, сезу, қалау қабілеттерін сана деп атаган. Негізгі зерттеу әдісі — адамның өзін-өзі бақылап, одан жинақтаган деректерін баяндап. хаттау. 1 КЕЗЕҢ Психология —жан жөніндегі ғылым Психологияның мұндай анықтамасы біздің заманымыздан екі мың жылдай бұрын берілген. Адам өміріндегі барша тусініксіздіктердің бәрін ерекше жан құбылысының болуымен дәйектеуге тырысқан.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 2105 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]