Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Периодонт аурулары, этиологиясы мен патогенезі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Периодонт аурулары, этиологиясы мен патогенезі   слайд,презентация

 

         Периодонт – тістерді қоршап тұрған тіндер жиынтығынан тұратын пародонттың бір бөлігі болып табылады. Периодонт тіс түбірі мен сүйек ұясының қыртысты пластинкасы арасындағы кеңістікте орналасқан біріктіргіш талшықтардың жұқа қабатымен толтырылған дәнекер тінінен тұрады. Периодонттың арқасында тістің жақ сүйегінің басқа элементтерімен байланысы қамтамасыз етіледі. Сол себепті периодонттың басты, негізгі қызметі – байланыс аппараты ретінде тісті сүйек қуысында берік ұстап тұру болып табылады. 
             Периодонт коллаген талшықтарының жиынтығын құрайды. Бұл талшықтар өзінің ұштарымен бір жағынан тіс түбірі цементіне, екінші жағынан қызыл иектегі тіс ұясына (альвеола) кіреді. Олардың көлденең бағыттары альвеола шетіндегі тұста тістің айналмалы байланысын құрайды. Талшықтар альвеоланы қоршап тұрған сүйек тінінің қалын қабатынан өтіп жанындағы тістерді байланыстырады, сонымен қатар, қоршап тұрған сүйектерге  бекіне отырып, түбірдің жоғарғы жағында қиғаш бағытпен жүреді. Периодонтта коллаген талшықтарынан басқа жұқа эластикалық талшықтар да кездеседі. Бұлар – біріктіргіш талшықтардың қабаттары болып саналады. Периодонттың клеткалық элементтері фибробласт, гистиоцит, остеобласт, цементобласт, бұлтты клеткалардан тұрады.
– патологиялық процесстің мәні мен оның топографиялық орналасуын анықтайды. Бірақ қабыну сарыны тек периодонт тіндерін ғана қамтымай, онымен іргелес цемент, альвеола сүйегі мен қызыл иекті де өзгеріске ұшыратады.  Қоршап тұрған сүйек тіндері қабынуға шалдыққан жағдайда – жақ сүйек қабығының «қабынуы», «сүйек майның қабынуы - остеомиелит» деген терминдер қолданылады

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 335 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]