Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Қоңыр балдырлар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қоңыр балдырлар слайд,презентация

 

Қоңыр балдырлар — бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар.
Қоңыр балдырлардың клеткасы целлюлозды қабықпен қапталған,оның сыртында пектинді заттар болады да,клетка қабығы кілегейленіп тұрады.Клеткалары шар,эллипсоид,күбі тәрізді,дөңгелек кейде көп бұрышты не белгілі формасы жоқ болып келеді.Протоплазмасында бір ядросы,хлоропласталары және өте уақ тек электронды микроскоппен ғана көрінетін пиреноидтары болады.Қарапайым түрлерінде хлоропласталары пластинкалы,лента пішінді бір не бірнешеу,ал күрделі құрылымдарында дән сияқты көптеп келеді.Клетка құрамында басқа балдырларда болмайтын физод деп аталатын жас клеткаларда түссіз,ал ересек клеткаларда сары-қоңыр көпіршік болады.Қор заты ретінде крахмалдың орнына жай қант,ламинарин,кейде май не манит жиналады.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (11.02.2015)
Просмотров: 1589 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]