Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Несеп шығару және жыныс жүйесінің физикалық тексеру әдістері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Несеп шығару және жыныс жүйесінің физикалық тексеру әдістері слайд,презентация

 

 

            Репродуктивті  жүйе  организмнің  өзінен  кейін  ұрпақ  қалдыру қабілетін  қамтамасыз  ететін  жүйе. Репродуктивті  жүйенің   дамуы  антенатальды  кезеңде  басталады да екіншілікті жыныстық жетілудің  толық   дамығанымен сипатталады. Жыныстық жетілу кезеңі тек жыныстық мушелермен емес, сонымен қатар организмнің толық соматикалық дамуымен аяқталады.қалыпты жыныстық  даму кезінде балалық  шақта жыныстық  дамудың негізгі көрсеткіші ол дене салмағы мен ұзындығының сәйкестігі болады. 
        Репродуктивті жүйенің  реттелуі  бірыңғай  функциональды нейроэндокринді жүйе арқылы  қамтамасыз етіледі. Нейроэндокринді жүйе центральды-интеграциялаушы және перифериялық –эффекторлы  орындаушы  мүшелерден турады. Репродуктивті функцияның нейроэндокринді  реттелуінде бір- бірімен  кері және  оң  байланысқан  негізгі 5 тізбекті  ажыратамыз. Жыныстық толық жетілген әйел  организмінің репродуктивті функциясының  негізгі көрсеткіші –менструальды  цикл  болып табылады.
      Менструальды  цикл – алдыңғы менструацияның  бірінші күні мен келесі  менструация  арасындағы уақыт. Әр әйел организмінің  индивидуальды ерекшелігіне байланысты орташа 21 ден 35  күнге дейін созылады. Менструация — бірінші күні менструальды  циклдың басталғанынымен сипатталатын жатырдың функциональды  қабатынан  қан  ағу болады. Бірінші  менструация (менархе)  12—14 жаста болады, қалыпты  менструация  3—7 кунге созылады,осы кезде  50—150 мл қан  жоғалады.
Гинекологиялық  классификация  бойынша негізгі екі: инфантильді және интерсекуальды тип ті  ажыратамыз. Инфантильді тип: орташа бой, сут бездерінің және сыртқы жыныс  мүшелерінің дамымауы болады. Инфантилизмде жиі  менструальды  цикл  мен детородты  қызметтің  бұзылысы дамиды. Интерсексуализм : ұзын  бойлы, массивті  скелет, кең кеуделі, еркектік тәрізді жыныс  мүшелерінің түктері кіндікке  қарай  бағытталған, аяқтары мен анус тұсында  көптеген  түк  анықталады. Интерсексуальды  типті  әйелдерде  жыныс  мүшелерінің  гипоплазиясы менструальды  цикл  бұзылысы, бедеулік, жыныстық  индиференттілік  дамиды 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 591 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]