Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері  слайд,презентация

 

 

 


Баяндама 
Тақырыбы: Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері.

Орындаған: Джамалова М.Т.
4 курс., 07-005-1к Ж.М.
Тексерген:__________________
Алматы 2010 жыл
Мұрынның қосалқы қуыстары (sinus paranasales) — бас қаңқасы мен бет сүйектеріндегі ауалы қуыстар, шырышты қабықпен тысталған, мұрын жолдарымен байланысады, дауыс резонаторлары болып табылады. Қосалқы қуыстарға жатады: жоғарғы жақ сүйек қуысы (Гаймор қуысы), маңдай қуысы, сынатәрізді сүйек (негізгі) қуысы, торлы лабиринт. Ең ірі қуыс жоғарғы жақ сүйек қуысы болып табылады (sinus maxillaris), жұп, үш не төрт қырлы пирамидаға ұқсас, ортаңғы мұрын жолына ашылады. Бұл қуыста алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі және медиальды қабырғаларын ажыратады. Сонымен қатар, гаймор қойнауында таңдайлық, альвеолярлық, маңдайлық шұңқырлар орналасқан. Алдыңғы не беттік қабырғасында шұңқыр бар (fossa canina), беттің жұмсақ тіні үстінен осы қабырғасын сипағанда, fossa canina үстінде n infraorbitalis шығады. Fossa canina әртүрлі тереңдікте болады (9-12мм). Егер ол тым терең болса, қойнаудың алдыңғы және жоғарғы қабырғалары оның медиальды қабырғасына жақын орналасады. Мұндай жағдайда төменгі мұрын жолы арқылы инемен қойнауға пункция жасағанда, ине абайсызда қойнаудың алдыңғы не жоғарғы қабырғалары арқылы өтіп кетіп, көзде не беттің жұмсақ тіндерінде іріңденулер туғызуы мүмкін. Радикальды операцияларды қойнауға осы fossa canina арқылы жасайды, себебі жұқа болып келеді.Медиальды қабырғасы (мұрындық) сүйекті болып келген, мұрынның төменгі және ортаңғы жолына сәйкес келеді. Алдыңғы бөлігінде жас мұрын каналы өтеді, ал жоғарғы жағында мұрынның ортаңғы жолымен қатынасатын тесігі (ostium maxillare) орналасқан. Кейде бұл тесік емес, канал түрінде де болуы мүмкін, ондай жағдайда қойнаудан бөлінділердің шығуы қиындап, қабыну жиі кездеседі. Медиальды қабырғасының жоғарғы жағы торлы сүйектің клеткаларымен шектеседі, сондықтан қабыну процессінің таралуына әкеледі.Жоғарғы қабырғасы бір уақытта көздің төменгі қабырғасы болып табылады. Бұл қабырға өте жұқа, одан көздің төменгі нервісі мен артериясы өтеді. Кейде бұл жерлерде дегисценция (сүйектер арасы ашық, тек шырышты қабықпен қапталған) кездесуі мүмкін. Сондықтан операция кезінде дегиценция арқылы көз орбитасына еніп кетуі мүмкін. 
Төменгі қабырғасы жоғарғы жақ сүйектің альвеолярлы өсіндісі болып табылады. Кейде тіс түбірлері қойнау ішіне еніп тұрады, тек шырышты қабықпен қапталып тұрады, қабыну тістен қойнауға берілуі мүмкін. 
Жоғарғы қабырғасы қалың, жоғарғы жақ сүйектің төмпеден түзілген, ол сына тәрізді сүйек қуысының алдыңғы қабырғасын шектейді, онда жоғарғы жақ сүйек нерві, қанаттаңдай түйіні, жақ сүйектің ішкі артериясы, қанаттаңдайлық веноздық өрім орналасқан. Гаймор қуысының қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы жақ және бет, көз артерияларымен жүзеге асады. Лимфа тамырлары мұрын лимфа тамырларына жалғасады. Иннервациясы: көз, жоғарғы жақ сүйек, қанаттаңдай түйіні. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (10.04.2015)
Просмотров: 514 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]