Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру ерекшеліктері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандыру  ерекшеліктері слайд,презентация

 

 

 

Мақсаты: Хирургиялық  стоматологиядағы заманауи  жансыздандырғыш препараттармен танысу.
Стоматологиялық  манипуляцияларда науқастарда ауру сезімінің пайда болуына байланысты жансыздандырғыш препараттар қолданылады. Осыған орай стоматологиялық  практикада заманауи жансыздандырғыш препараттардың  маңызы зор.
Жергілікті анестетиктер  химиялық құрамы  бойынша:
Күрделі эфир : новокаин, анестезин, дикаин.
Амидтер : лидокаин,тримекаин, прилокаин, бупивакаин ,этидокаин, артикаин.
 Белсенділігі  бойынша: 
Жоғары : дикаин, бупивакаин.
Орта: лидокаин
Төмен : новокаин


Науқастың  тісті  егеудегі үрей сезімін басу үшін.
Ауру сезімін  болдырмау  үшін

Жансыздандырғыш препараттардың қолданбау көрсеткіштері:
Жансыздандырғыш препараттарын көтере алмау, аллергиялық реакциялары бар науқастарға.
Психикасы өзгерген науқастарға.

 

Таңдай анестезиясы: ол альвеола өсіндісінің ішкі жағында үшінші азу тістің тұсындағы таңдайдың үлкен тесігіне салынады. Тісі жоқ кезде А сызығынан 0.5 см алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың ортасында енгізіледі. Анестезия аумағы: қатты таңдайдың артқы бөлігінің шырышты қабаты, сүйір тістің тұсына дейін жансызданады. 

Инфраорбиталық  анестезия
Нысана көз асты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см төмен жүргізілген көлденең сызық пен екінші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген  тік сызықтар қиылысында орналасқан. Көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың  сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Анестезия аумағы: көзасты нервісі, күрек,сүйір тістер, жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір жағы және жоғарғы ерін.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (20.04.2015)
Просмотров: 707 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]