Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Кене энцефалиті слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кене энцефалиті слайд,презентация

 

 

Кенелер көбінесе ағаштары қалың өскен, қалың шөп жамылғысы бар аралас ормандарда тіршілік етеді. Жолдардың жиегіне жинақталған кенелер сол маңайдан өткен адамдарға шабуыл жасайды. Кенелердің белсенділігі ауа райына немесе тәуліктің мезгіліне тәуелді емес. Әр кез шағуға бейім тұрады.
Кене энцефалиті – безгек, интоксикация (улану) түріндегі вирусты инфекция. Ол орталық және жанама жүйке жүйелеріне зақым келтіреді. Инфекцияны таратушылар негізінен – кенелер. Табиғат аясында күн жылынысымен жанданып, тез көбейе бастайтын бұл кенелер әсіресе көктем-жаз айларында аса қауіпті. Олар тарататын вирустар тым қатты аяздарға да төзімді. Адамның киім-кешегіне, денесіне жабысқан кене негізінен бас пен мойын, кеуде мен арқа тұстарына қадалғыш келеді. Адамға ауру, кененің қан соруы кезінде жұғады. Кененің денеге жабысып, қан соруын адам бір аптаға дейін сезінбеуі мүмкін. Өйткені, оның сілекей құрамында ауырғанды басатын зат болады. Кенені денеден жұлып алып тастағанның өзінде кене энцефалитінің вирусы қалады. Яғни, адамға вирус кене жабысқан алғашқы минуттан бастап-ақ жұға береді. Кене энцефалитін, адам ауру жұқтырған мал сүтінен де жұқтыруы мүмкін. Сырқат малдың сүті қызғылттанып, оны тұндырған кезде ыдыс түбінде шырышты-қанды тұнба қалады

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (07.12.2014)
Просмотров: 2556 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]