Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Іш жарығының асқынулары cлайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Іш жарығының асқынулары cлайд,презентация

 

 

 

Қысылған жарықтар:
Қысылу – жарықтың ең ауыр асқынуы болып табылады. Барлық аурудың 3-15% - ын құрайды.  Қысылған жарық дегенiмiз: қысылған мүшенiң қоректенуiнiң бұзылуымен өтетiн, жарық құрамындағы заттың жарық қақпасында немесе жарық қабының тыртықты өзгерген мойнында кездейсоқ қысылуы.
Эластикалық қысылу iш бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жарық қабында жататын iлмекке iшек құрамының көп мөлшерде түсуi нәтижесiнде дамиды.

Ретроградты қысылуында ащы iшек қысылады, бұл кезде жарық қапшығында екi iшек iлмегi болады, ал аралық iшек iлмегi құрсақ қуысы iшiнде орналасады. Ішек некрозы алдымен жарық сақинасынан тыс құрсақ қуысы iшiндегi iшекте дамиды, ал жарық iшiндегi iшек iлмектерiнiң бұл кезде әлi өмiрге қабiлеттiлiгi сақталады. Көбiнесе iшек iлмегi, содан кейiн шарбы қысылады.
Патанатомиясы:
Iшектiң жарық қақпасымен қысылу жерiнде странгуляциялық жүлгелер түзiледi. Олар iшек қабырғасының 3/4 бөлiгiн алады. Мұнда алдымен iшек қабырғасы зақымдалады, содан кейiн қан айналымының бұзылуының  дәрежесi бойынша iшектiң орталық бөлiмi әкелушi, әкетушi iлмектер зақымдалады. Iшек қабырғасының қысылуы – iшек қабырғасының қоректенуiнiң бұзылуы және венозды iркiлiс нәтижесiнде дамиды.
Жарық суы алдымен стерильдi, содан кейiн геморрагиялық сипатта болып, содан соң инфицирленедi. Шажырқай тамырларының қысылуы мен тромбозы соңында некроз дамиды. Iшек некрозы кiлегейлi қабатта болады, өйткенi кiлегей асты қабатында тамырлар өтедi.
Жарық қапшығында iшек некрозынан кейiн жарық флегмонасы және нәжiс перитонитi дамиды. Шарбы қысылуының қауiптiлiгi аз, бiрақ ол тамырлардың тромбозы мен эмболиясы және некрозбен  асқынады.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (03.04.2015)
Просмотров: 455 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]