Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ерлер денсаулығын сақтау слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ерлер денсаулығын сақтау слайд,презентация

 

 

Еліміздегі ер-азаматтардың денсаулығы жылдан-жылға құлдырап барады. Бізде азамат­тардың орташа өмір сүру ұзақ­тығы 60-62 жасты құрайды. Бұл әйелдерге қарағанда 10-12 па­йызға төмен. Әлгіндей айыр­машылық өзге дамыған елдерде 5 пайыздан аспайтын көрінеді. Ал ерлер арасында обырға шалды­ғып қайтыс болу көрсет­кіші әйе­л­­дерге қарағанда екі есе жо­ға­ры екен. Бұған қоса, зерт­теу­лер ұл нәрестелердің өлім-жітімі сәби қыздардан үш есе артықтығын дәлелдеген. Соңғы бес жылда еркек жыныс безі обырынан қайтыс болушылар­дың саны сүт безі обырынан қайтыс болушылармен салыс­тырғанда екі есе артып отыр
Статистика мәліметтеріне сү­йенсек, бүгінде ерлердің өмір сү­ру ұзақтығы әйелдерге қара­ғанда 10 пайызға төмендеген. 75 жасқа қарай ерлер арасында қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болудың көрсеткіші әйелдерге қарағанда екі есе жоғары. Туыл­ған нәресте ұлдардың өлім-жі­ті­мі қыздарға қарағанда үш есе жоғары. 1950 жылдан 1990 жыл­ға дейін өзін-өзіне қол салу, қастандықпен және жазатайым оқиғадан қайтыс болған өлімнің 70-80 пайызы ерлердің үлесіне тисе, жыл сайын әлем бойынша 25000-нан аса ер адам өз-өзіне қол салатын көрінеді. Ерлер әйел­дерге қарағанда дәрігерлер­ге үш есе аз көрінетіндіктен, олар­дың арасында ауруды ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші төмен болып отыр. Олар жү­рек­тің ишемиялық ауруына әйел­дерге қарағанда үш есе жиі, ал қант диабетіне алты есе жиі шал­дығады. Соңғы бес жылда жыныс безі обырынан қайтыс болу сүт безі обырынан қайтыс болуға қарағанда екі есе өскен
Бедеулік. Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.

 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 456 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]