Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Еркек жыныс бездері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Еркек  жыныс бездері  слайд,презентация

 

 

 

Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.
Атабез (testis; orchos – грекше;) – жұп жыныс мүшесі, сопақша пішінді, салмағы 20-30 г. Ата бездер қызметі – сперматазоидтар, яғни аталық жыныс жасушаларын жасау, және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару. Аталық бездер ұмада орналаскан. Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі, бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары, нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.

        ž Аталық без тығыз консистенциялы және бүйірінен бірнеше жұмсартылған. Онда дөңес  латералді (facies lateralis) және медиалді бетін (facies medialis), екі жиегі – алдыңғы және артқы (margo anterior et posterior), және де жоғарғы жәнетөменгі шеттері (extremitas superior et inferior) ажыратылады. Аталық бездің артқы жиегінде денесі, басы және құйрығы болатын атабез қосалқысы (epididymis) орналасқан.

 

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. 
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
 Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысын түзеді. Сірлі қабық астында басқа қабық  яғни ақ қабық (tunica albuginea). Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – атабез орталығын(mediastinum testis) түзеді. Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді атабез үлесшелеріне (lobuli testis) бөлетін атабез қалқашықтары(septula testis) өтеді. Әр үлесте 2-4 иреленген шәует өзекшелері (tubuli seminiferi contorti) болады. Олар көптеген қантамырлары бар борпылдақ дәнекер тінмен жабылған. Ішінен шәует өзекшелерінің қабырғасы сперматогенез процессі өтетін көп қабатты сперматогенді эпителиймен қапталған.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (31.03.2015)
Просмотров: 1452 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]