Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Дәрумендер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дәрумендер  слайд,презентация

 

 

    Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимир Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
    В1 дәрумені сыра ашытқысында, бидай нанында жармада (әсiресе сұлы мен қара құмықта), бұршақ тұқымдастарда, бауыр, бүйрек, жұмыртқаның сары уызы, өрiк, алмұрт, апельсин, қарбыз, шие, пияз, картоп, сәбiз, жаңғақ, сарымсақ, орамжапырақ, сельдерей, қызылша, асқабақ, аскөк (укроп), қымыздықта кездеседi.    В2 дәруменi (рибофлавин) жетiспегенде ерiн құрғап, кезерiп, езу жарылып, қабыршықтанып ұшық шығады, тiл құрғап, ашық қызыл түске енедi. Терiге түскен жараның баяу жазылуы, асқазан-iшек жолының, бауыр қызметiнiң бұзылуы байқалады. В2дәруменi нан ашытқысы, ет, бауыр, жұмыртқа, сүт, iрiмшiк, сүзбе, бұршақ, қызанақ, қызылша, қарақат, таңқурай, аскөк, орамжапырақ, қарбыз, картопта кездеседi. А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше түрлері бар – А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны – А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады).
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетілген, яғни А2 витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланысы бар

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (27.02.2015)
Просмотров: 1456 | Теги: презентация, Дәрумендер, Витаминдер слайд, Витаминдер, Дәрумендер слайд, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]