Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Дәрігер-медбике-науқас қарым-қатынасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дәрігер-медбике-науқас қарым-қатынасы слайд,презентация

 

 

Емдеу  жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастың қарым-қатынасының  моральді-этикалық мәселелері  деонтологияның  маңызды  тармағы  болып  табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашқы әсердің жағымды , не жағымсыз  болуы  медицина қызметкеріне , осы жердегі  жұмыс тәртібі мен  жай-ахуалға байланысты қалыптасады.
Негізгі бөлім
Емдеуші дәрігер кез-келген мекеменің буыны, бетке ұстар беделі болып табылады.Сондықтан дәрігерге құрметпен   карап, жоғарғы  беделге жетуіне қолдау көрсетуаурухана әкімшілігінің де ,клиника басшылығының да ,маңызды міндеті саналмақ.Әрине , емдеуші дәрігер әрқилы  болады, олар бір-бірінен жеке ,кәсіби қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреуінің қателік жіберетін кездеріде кездесіп  қалады, сонда олардың қызметін объективті түрде бағалау , тіпті әдәл жазасын беру  қажеттігі туындауы мүмкін. Бірақ мұның бәрі науқастың назарына жетуге , палата дәрігерінің беделіне  нұқсан келтірмеуі тиіс. 
Науқастармен жұмыс істеу мәдениеті емдеуші дәрігерлерден  байыпты днонтологиялық  даярлықты  және сыртқат адамды емдеудің  стационарға  түскеннен , жазылып  шыққанға  дейінгі барлық кезеңдердің қатаң сақтауды талап етеді.
Дәрігер әдептілігі мен  сыпайлығы , науқастың мінезіне , мәдени деңгейіне, сырқатының ауыржеңілдіне , психикасының ерекшелігіне  орай көрінуі  керек . Уайымшыл науқастарға  тап болғанда тап  болғанда ,дәрігер шыдамдылық  таныту қажет;науқастардын барлығы жұбатып ,жақауратқанда тілейді , сонымен бірге дәрігердің  емдеу мүмкіндігіне сенімділігін  де сезіну маңызды . Науқастын сенімділігіне ие болу , абайсыз сөзбен ,іс-әрекетпен  сол сенімді үзіп алмау ,дәрігердің маңызды міндеті болып табылады.
Әлдебір ұжым туралы айтылатын тату , күшті, қабілетті деген мадақтау сөздерді , ең алдымен , онда жұмыс  істейтін адамдардың өзара қарым-қатынасы мен ішкі ахуал ауаға қатысты болмақ.Сондықтан ,өзара қарым-қатынастағы деонтологиялық  қағидаларды қатаң сақтау әр дәрігердің формальді міндеті емес , рухани қажеттілігіне  айналуға тиіс.Міне сол айтылған қағидалардын кейбіреулері мыналар:
- Дәрігерлер арасындағы қарым-қатынас  терең құрметке ,жанашырлық пен өзара түсіністікке  негізделуі тиіс;
- Өзінің әріптестері туралы бөгде жұрт арасында  ғайбат сөйлеуге ,кемшіліктері мен қателіктерін теріп , талқыға салуға болмайдыБұл үшін , арнайы бөлінген уақыт пен ұға алатын аудитория керек;
- Әріптестердің сәтсіздігін  түсініп , көңілін жұбату керек ,  әсіресе ол  кәсіби сәтсіздікке кезіккенде немесе   қарауындағы науқасқа  араша түсе алмай  күйзелген кезінде  қолдау көрсетуің- ұжымдағы ұйымшылдық пен  өзара көмек ахуалына негіз болады;
- Әр дәрігер өзінің әріптестерінен қамқор-пейілін аямай,олар үшін кез-келген жұмыс түрін атқаруға даяр  болуы , біріміз-бәріміз  үшін, бәріміз-біріміз  үшін – деген  қағиданы ұстануы тиіс . 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (30.03.2015)
Просмотров: 3755 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]