Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бидай слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бидай слайд,презентация

 

 

Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Бидай — негізгі азық-түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестерінегессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ.септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады.

Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Астықты алқап - мақтаным,
Қамбамызда қап-қап ұн.
Қасиетті ұн мен нан,
Жасалады бидайдан.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (30.01.2015)
Просмотров: 2864 | Теги: презентация, Бидай, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]