Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бедеулік слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бедеулік слайд,презентация

 

 

 

Статистика мәліметтеріне сү­йенсек, бүгінде ерлердің өмір сү­ру ұзақтығы әйелдерге қара­ғанда 10 пайызға төмендеген. 75 жасқа қарай ерлер арасында қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болудың көрсеткіші әйелдерге қарағанда екі есе жоғары. Туыл­ған нәресте ұлдардың өлім-жі­ті­мі қыздарға қарағанда үш есе жоғары. 1950 жылдан 1990 жыл­ға дейін өзін-өзіне қол салу, қастандықпен және жазатайым оқиғадан қайтыс болған өлімнің 70-80 пайызы ерлердің үлесіне тисе, жыл сайын әлем бойынша 25000-нан аса ер адам өз-өзіне қол салатын көрінеді. Ерлер әйел­дерге қарағанда дәрігерлер­ге үш есе аз көрінетіндіктен, олар­дың арасында ауруды ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші төмен болып отыр. Олар жү­рек­тің ишемиялық ауруына әйел­дерге қарағанда үш есе жиі, ал қант диабетіне алты есе жиі шал­дығады. Соңғы бес жылда жыныс безі обырынан қайтыс болу сүт безі обырынан қайтыс болуға қарағанда екі есе өскен
Бедеулік. Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.
Бедеуліктің себептері
Ұрықсыздық. Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады.
Әлсіздік немесе тамақтанудың жетімсіздігі. Кейбір әйелдерде қаны аздық тамақтың аздығы немесе организмде иод қоспасының жетімсіздігі оны жүкті боп бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептерге байланысты әйел өзінің жүкті боп қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды. Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған түзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында (анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат боп, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады.


Созылмалы инфекция, бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады. Егер ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Ер адамдардың кейбірде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуһеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.


қажет.
   Еркек бедеулігінің себебі неде? Еркектің ұрығы клетка­лар­дан тұ­рады. Олардың бір мили­литрінде 60 миллиондай ұрық бо­луға тиіс. Егер ұрықтар саны одан кем болса, он­дай ұрықтың бала жасауға шамасы келе бермейді. Жыныс клетка­ла­рының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын, жас жігіттерде жиі кездеседі. Бұл секілді жағдай олар­дағы уақытша құбылыстың, бол­маса тұрақты бедеуліктің белгісі болуы мүмкін.
     Кейбір адамдардың жыныс қа­ты­насы мен ішімдікке құмарлығы, де­недегі қоректік заттардың алма­суы­ның бұзылуы немесе сульфа­ми­ды секілді дәрілерді дәрігердің ба­қы­лау­ынсыз өз бетімен ұзақ ішуі де ұрық­тың сапа­сын кемітеді, қасиетін жояды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 913 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]