Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері  слайд,презентация

 

 

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады

Ауа өткізу жолдары
Қызметтері:

1. Респираторлық бөлімге ауаны жеткізу
2. Ауаның сапасын жақсарту (жылыту,    ылғалдандыру және тазалау)
4. Тосқауылдық-қорғаныш қызметі
5  Секреторлық қызмет
Кеңірдектің эпителийінің құрамында кірпікшелі, бокал тәрізді, ендірме және эндокринді жасушалар ажыратылады. 

Кірпікшелі жасушалардың ауа бағытына қарама-қарсы бағытта қозғалып тұратын кірпікшелері болады. Олар микроорганизмдер мен шаң-тозаңды сыртқа шығарады.
Бокалтәрізді жасушалар муцин өндіреді – бөлінген шырыш бөгде заттарды, бактерияларды жабыстырып олардың аласталуын жеңілдетеді.
Микробүрлі жасушалар хеморецептор болып келеді.
Базальды немесе ендірме жасушалар камбий қызметін атқарады.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (27.03.2015)
Просмотров: 1401 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]