Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Балалардағы ерекшеліктер слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Балалардағы ерекшеліктер слайд,презентация
 

Жөтел - рекфлекторлы қорғанысты жауап. 
Жетелудiң негiзгi себептерi: 
-бiрiншiден, сырттан көмей арқылы тыньс алғанда түсетін заттарга рефлекторлы жауап ретiнде жөтел пайда болады. 
-екiншiден, iштен, яғни бронхтан көмекейден шығатын қақырықты, сiлекейдi т.б. заттарды сыртқа шығаруға жөтел жәрдемдеседi. 
Жөтел темекi тартатын адамдарда жиі кездеседi. 
Өкпе-бронх қабыну ауруында (бронхит,пневмония) Тәулiк бойы жөтел үнемі болып турады, әсiресе кешке қарай күшейе түседi. 
Өкпеде қатерлi iсiк пайда болғанда (рак) оқтын-оқтын кұрғақ жөтел болыл, науқасты шаршатады
Бронхоэктаза ауруында көбiнесе жөтел кақырықпен бiрге болады, ол әсiресе жиі мазалап, кейiн саябырлайды, ал кейде кешке қарай тағы да күшейедi. 
Сол сиякты туберкулез ауруында кейде жөтел кеуде сырылымен бiрге пайда болады. 
Жөтел кақырықты және құрғак болып екiге белiнедi.

Ентiгу, басқаша айтқанда ауа жетпеу. Бұл белгiнiң себебi көп.
 Ентiгу тыныс жолдары тарылғанда, тыньс жолдарында бiр нәрсе тұрып қалса немесе iсiк пайда болса, бронх бұлшық еттерi жиырылғанда, тiптi сыртынан қыскан жағдайда, (сол сияқты өкпе қабының арасына су  жиналып, өкпе қысылғанда пайда болады. 
Өкпенiң тыныс алу бетiнiң кемуi (өкпенің қабынуы, эмфизема), кеуденiң бұлшық еттерiнiң турлi себептермен тынысы төмендеп, қимылдай калғанда пайда болады.
Ентiгудiң үш түрi болады: дем алудың қиындауы (инспираторлы), дем шығарудың қиындауы (экспитаторлы) және аралас түрi.


Ентігудің ең ауыр түрін демікпе деп атайды.
Бұл көбiнесе бронх астмасында , балаларда бронхиолит кезінде жиi кездеседi. 
Бұл кезде тыныс жолымен ауаны шығару қиындайды,өйткенi кiшкене бронхтардың бұлшық еттерi жиырылып, iшкі қабаты ісiнiп, сұйық жиналуы,бронхтар тарылып, өкпеден ауаның шығуы нашарлайды.
 Ентiгудiң патогенезiндегі басты себеп - оттегiнiң азайып, көмiр қышқыл газының көбеюiнде, бұл тыныс алу орталығын қоздырады. 
Қақырық көбінесе жөтелмен шығады. Түрі, түсі, консистенциясы әр түрлi болады. 
Кiлегейлi, iрiңдi болуы мүмкін. Кейде қан аралас та шығады. Бұндай жағдай бронхтардың, көбiнесе өкпенiң созылмалы және жедел қабынуында байқалады. Бұл әсiресе бронхоэктаз ауруында көбірек кездеседi, сол сияқты өкпе туберкулезінде де орын алады. 
Өкпенiң кандай бiр сырқатында болмасын жиi кездесетiн симптом - кақырық тастау. 
Қақырық пен қан тастау көбiнесе бронхоэктаз ауруында, екпе туберкулезiнде, тыныс жолдарының iсiгiнде, кейде өкпеде iрiң жиналғанда пайда болады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (27.03.2015)
Просмотров: 925 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]