Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы слайд,презентация

 

 

Балалар мен жасөспірімдер  гигиенасы- гигиена ғылымының бір саласы . Ол балалардың өсу кезіне,тәрбиеленуіне, өмір сүруіне,қоршаған ортаның әсерін зерттеп,олардың денсаулығының жақсы болып,физикалық және рухани жағынан жақсы дамып,жетілуі үшін шаралар ұсынады.
Біздің елімізде  жастардың денсаулығына ,тәрбиесіне,білім алуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінген.Балаларға қызмет ететін нысандарға;
Балабақшалар
Жалпы білім беретін мектептер
Мектеп-интернаттар
Кәсіби-техникалық училищелер
Балаларға арналған спорт мектептері
Пионерлер үйі және т.б
Өмірінің бірінші айының соңында сәбиге массаж жасау – баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады,ол баланың даму процесіне жақсы әсер етеді. Ал төрт айлық кезінде массажға қоса  гимнастика да жасату қажет.Бұл кезде сәбиге  дифтерия мен туберкулезға қарсы  иммунизация жасалу қажет.
Сәбилер күніне  5-6 сағат таза ауада болуы керек.Тамақтануы толық құнды ,яғни қолданылатын тағамдар әр түрлі болу керек.Сәбилерге екі жастан бастап  күніне  4 рет тамақ қабылдауы керек.
Сәбилердің ферментативтік және моторлы  функциясының нашар жетілуіне байланысты,балаларға берілетін тағамдардың сапасы жоғары  және жақсылап  майдаланған болу керек. Осыған байланысты біздің елімізде сәбилерге тағам дайындайтын жерлерде технологиялық  процестің сақталуына және өндірістің санитарлық жағдайына қатаң қадағалау жүргізіледі.
Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғарғы жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне  қарағанда басым болады .Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап,сабаққа деген қабілеті нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де,сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады,сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс.
Балалардың көру қабілеті  бұл жаста  жақсы жетілген,бірақ қоршаған ортаның  факторларының әсеріне  өте сезімтал болады.сондықтан бала бақшада сурет сабақтары,еңбек сабақтары,жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болуы керек. Бұл жастағы балалардың 80- 85%-ында көзінің жақыннан нашар көргіштігі байқалады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (06.02.2015)
Просмотров: 3852 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]