Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бала денсаулығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бала денсаулығы слайд,презентация

 

 

 

Бала денсаулығыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының   (1958 )жарғысы бойынша, “денсаулық деп аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын” түсінеміз.
Адамдардың денсаулығы дегеніміз -оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі  мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш қайраты талмай, ұзақ өмір сүруі.

Саяси факторлар;  
Әлеуметтік экономикалық;
Табиғи климаттық экологиялық факторлар;
Биологиялық факторлар;
Психологиялық диагностика. 
Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
Психологиялық коррекция.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың  тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.

 

3. Психологиялық ағарту. Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтар оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт арлығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты дамыту, жас және баланың жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы  жағдайының сақталуыда жауапкершілікті сезіну маңызды.
4. Психологиялық кеңес беру- психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді.
5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б тәуелсіздігіне) ықпал ету;
- баланың ең алдымен жас ерекшеліктерін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;
- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім  мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;
- Баланың жеке бас дамуында  зияндық сипат психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (27.03.2015)
Просмотров: 1417 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]