Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бұлшық еттер жүйесі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бұлшық еттер жүйесі слайд,презентация

 

 

Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді.
Бастың, тұлғаның және құйрықтың бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Тұлғаның бұлшық еттері 4 топқа бөлінеді: 1) Иық белдеуінің бұлшық еттері. 2) Омыртқа бағанының бұлшық еттері. 3) Көкірек керегесінің бұлшық еттері. 4) Құрсақ қабырғасының бұлшық еттері 
Алдыңғы және артқы аяқтың бұлшық еттеріне бөлінеді. 
Алдыңғы аяқ:                                                           1) Иық буынының. 
2) Шынтақ буынының.
3) Тізе буынының. 
4) Бақай буынының бұлшыұ еттері.
Артқы аяқ: 
1) Жамбас-ортан жілік. 
2) Тобық буыны. 3) Тілерсек буыны.
4) Бақай буынының бұлшық еттері 
Қызметіне байланысты бастың бұлшықеттері бет және шайнау бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Бет немесе мимикалық бұлшық еттер бір ұшымен бассүйектің бет бөлімінің қозғалмайтын сүйектеріне бекиді. Ал екінші ұшымен бас аумағындағы табиғи тесіктер қабырғаларындағы қозғалмалыы бұлшық еттер мен теріде аяқталады.Шайнау бұлшық еттері екі ұшымен бассүйектің қозғалмалы сүйектеріне бекіп, жоғарғы жақ пен төменгі жақ сүйектерін қозғалысқа келтіріп шайнау қызметін іс жүзіне асырады.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (09.02.2015)
Просмотров: 3931 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]