Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 2.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бүйректің жедел зақымдалуы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бүйректің жедел зақымдалуы слайд,презентация

 

 

 

     Преренальді себептер көп кездеседі (50-65%). Бұл бүйректен тыс ауру. Гипотония  нәтижесінде бүйрек қан айналымы нашарлап, шумақтық фильтрация жылдамдығы (ШФЖ) төмендейді. Бұларға жүрек жетіспеушілігі,  гиповолемиялық жағдайлар (қан кету, сусыздану), сепсис, бауыр жетіспеушілігі, жайылған ісінулер (нефротикалық синдром, бауыр циррозы) жатады. Бүйрек перфузиясы және ШФЖ төмендейді. Преренальді ЖБЖ басында функциональді болады, сонымен қоса сау бүйрек кезінде дамуы мүмкін. Бірақ бүйректе қан айналымы бұзылыстары ұзақ уақыт бойы сақталса, тіндер ишемиясы нәтижесінде преренальді ЖБЖ-не органикалық өзгерістерге ұшырап ренальді ЖБЖ өтуі мүмкін.
     Ишемиялық жедел тубулярлы некроз бүйрек паренхимасы гипоксиясынан болады және егер себебін жоймаса преренальді ЖБЖ кейін дамиды.Тиімді бүйрек қан айналымының нашарлауынан дамыған ШФ кенет төмендеуі – преренальді ЖБЖ-мен қоса паренхиматозды ЖБЖ-нің патогенетикалық механизмі.


      Ренальді себептер немесе бүйрек ішілік аурулар 20-55 % жағдайда кездеседі. ШФЖ-ның төмендеуі бүйрек өзекшелерінің, интерстициясының, шумақтарының, тамырларының зақымдануынан болады. Негізгі себептеріне гломерулярлы және түтікшелік-интерстициялықі нефриттер, дәрілік заттармен,  улармен улану жатады. Гломерулонефриттер ішінде  ЖБЖ-не жедел және тез үдемелі ГН, Гудпасчер синдромы, васкулиттер әкеледі. Сонымен қоса артерия және венаның тромбозымен жүретін тамырлар зақымдануы (окклюзиясы), тамырлардың атеросклерозды эмболиясы, гемолитико-уремиялық синдром (ГУС) ЖБЖ шақыруы мүмкін. Жайылған инфекция кезіндегі (лептоспироз, бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба және т.б.) инфекциялық- токсикалық бүйрек  ЖБЖ-мен қосарласа жүреді. Плацента сылынуы, септикалық аборт, кортикальді синдроммен жүретін ДВС да ЖБЖ-не әкелуі мүмкін.  Ренальді ЖБЖ кезінде бүйрек өзекшелері тікелей улармен, кейбір дәрілік заттармен, ауыр метал тұздарымен зақымданады.  Рабдомиолиз және гемолиз (ГУС, жарақат) кезінде босап шығатын миоглобин және гемоглобин бүйрек өзекшелеріне улы әсер көрсетеді. Гиперкальциемия тамырларды тарылтып және өзекшелер қабырғасында нашар еритін кальций фосфаты тұздарының преципитациясын шақырады, кейін ЖБЖ-не әкелуі мүмкін. Дәрілік заттар ЖБЖ басқа жолдармен шақырады. Бұл – антибиотиктерді, диуретиктерді, стероидты емес қабынуға қарсы заттарды қабылдағанда дамитын аллергиялық түтікшелік-интерстициялық нефрит. Сонғылары простагландиндер синтезін тежейді, ол тамырлар тарылуын шақырып, бүйрек перфузиясын нашарлатады. Гиповолемиялық жағдайда олар өте қауіпті. Аминогликозидтер өзекшелерге улы әсер көрсетеді. Ишемия және улы әсерлерден өзекшелер эпителиі өледі және қуысына сылынып түседі, сондықтан өзекше ішілік бітелу дамиды. Ісінген өзекшелер тамырларды қысуы мүмкін, ол тіндер ишемиясын күшейте түседі. Шумақтық фильтрация тоқтайды.

   Постренальді ЖБЖ несеп жолдарының бітелуі кезінде дамиды. Ішкі қысымның өсуіне байланысты бүйрек өзекшелері ісінеді, бүйрек қан тамырларын қысады, ол өз кезегінде бүйрек тінінің ишемиясына әкеледі. Несеп жолдарының тарылуы несеп тас ауруынан, ісік үрдістерінен, лейкозбен ауыратын науқастарда химиотерапиядан кейін қатерлі жасушалардың ыдырауынан түзілетін несеп қышқылдары кристалдарынан болуы мүмкін.  
   Сонымен, шумақтық фильтрация жылдамдығының жедел төмендеуі - негізгі преренальді және ренальді (паренхиматозды) ЖБЖ-нің патогенетикалық механизмі.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2015)
Просмотров: 1586 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]