Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Аралас дистрофиялар туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Аралас дистрофиялар туралы слайд,презентация

 

 

 

      Аралас дистрофиялар жайлы сөз метоболизм бұзылуының морфологиялық көріністері органдарымен ұлпалардыњ паренхимасы мен стромасында байқалғанда болады. Олар күрделі құрамды белоктар – хромопротеидтер, нуклепротеиттер, липопротеитер мен минералдардын алмасуы бұзылуынан дамиды.
       Хромопротеидтер - боялған белоктар, немесе эндогендік пигменттер, организмнің тіршілігінде маңызды рµл атқарады. Хромопротеидтердің қатынасуымен тынысалу (гемоглобин, цитохромдар), секреттер (өт) түзіп  шығару, организмді сәулелік энергиядан қорғау, темірдін (ферритиннің) қорын толықтыру, витамендердің қажетті денгейін сақтау және с.с. жүзеге асырылады. Пигменттер алмасуы вегетативтік нерв жүиесі мен эндокриндік бездер арқылы реттеліп, қан жасау органдары мен ретикулярлы-эндотелиальдық жүиелердің қызыметімен тығыз баиланысты жүреді.

      Эндогендік пигіменттер: гемоглобиннің түрлі туындылары- гемоглобингендік, тирозин алмасуымен байланысты проеингендік, немесе тирозингендік, және майлар алмасқанда түзілетін-липидгендік деп 3 топқа жіктелген.
      Гемоглобин глобин белогы мен оның темірмен байланысқан, протопорфириндік сақинаға негізделген простетикалық бөлігі-гемнен құрылған. Гемоглобин қалыпты жағдайда ресинтезін және организмге қажетті мөлшерін қамтамасыз ететін бірқатар өзгерістер циклынан өтеді. Бұл өзгерістер эритроциттердің тозып, ыдырауымен (гемолиз, эритрофагия), үздіксіз жаңадан түзілуімен тығыз байламда.

      Ретикулярлы-эндотелиальдық жүйеде физиологиялық жағдайда ыдыраған эритроциттерден ферритин, гемосидерин мен билирубин түзіледі. Патологиялық жағдайда гемолиз көптеген себептерден (инфекция, улану, тобы үйлеспейтін қанды құю, қаназдық, дененің тоңазуы, күю, жарақаттану ж.б.) үдеп, қанайналымы жүйесінде де (тамырларда), қан құйылған ошақтарда да жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда болатын пигиенттерден басқа, гематойдим және профирин сияқты потологияға ғана тән гемоглабингендік пигменттер де пайда болады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (27.03.2015)
Просмотров: 454 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]