Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Антисептика қазақша слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 Антисептика қазақша слайд,презентация

 

 

 Хирургия тарихы. Антисептика. Анықтамасы. Пастердің, Листердің және Пироговтың еңбектері. Негізгі антисептикалық заттектер сипаттамасы. Антисептикалық заттектерді қолдану әдістері. 
 I.Хирургияның ашылу тарихы
Эмперикалық кезең
Анатомиялық кезең
Ұлы жаңалықтардың ашылу кезеңі
Физиологиялық кезең
Жаңа заман хирургиясы
II.Хирургияның ашылуына үлес қосқан отандық дәрігерлер
III.Асептика және анықтамасы
IV.Листер,Пастер және Пирогов еңбектері
          Паре әскери хирургиямен шұғылданды.1552 жылы ол жарада қансырап тұрған тамырға аспапты салуды ұсынды.Ол аспап қазіргі кезде қанды тоқтатуға қолданылып жүрген қысқыштардың барлық түрлерінің бастапқысы болды.Паре көптеген бақылаулардың нәтижесінде сол кезде айтылып жүрген қандай да болмасын оқ жарасы уланған болып табылады деген ұғымды жоққа шығарды және осыған байланысты жараға қайнап тұрған майды құю қажеттілігінен бас тарту керек екендігін ұсынды.1575 жылы Паре ең алғаш протезді ойлап тапқан,ол әрі акушер бола отырып,ұрықтың бір жағынан  екінші жағына айналдыру әдістерін ұсынған.Ол әдіс қазіргі кезде де гинекология саласында қолданылады.
         XIX ғасырда хирургтар инфекцияға қарсы тұра алмады.Мысалы, Пироговтың 400 солдатының арасында 10  солдаты қан құйғаннан кейін сепсистен қайтыс болды, сол сияқты 1850 жылы Парижде 560 операция жасалған науқастың 300  қайтыс болған.Осылайша ғасыр соңына дейін жалғасқан инфекциямен күрес өз нәтижесін тауып асептика мен антисептика шаралары пайда болды.Асептика мен антисептиканың бес этапын бөлді:
Эмперикалық кезең
Листергедейнгі антисептика 
Листер антисептикасы
Асептиканың пайда болуы 
Жаңа заманғы асептика мен антисептика
         Микробиологиядағы жетістіктер хирургиялық инфекциялармен күресудің профилактикалық принципін ұсынды.Ең маңыздысы хирург қолындағы және жарақатқа түскен,жанасу арқылы жұққан инфекцияларға қарсы асептикалық шаралар болды.Бұл салада көп еңбек еткен К.Шиммельбуш пен  Э.Бергман болды. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (26.02.2015)
Просмотров: 1400 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]