Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Акинетикалық кіші ұстама слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Акинетикалық кіші ұстама  слайд,презентация

 

 

 

    Кіші ұстамалар  (petit mal) үлкен ұстамалармен қатар эпилепсия көрінісінде  маңызды орын алады. Үлкен ұстамалрға қарағанда клиникалық көрінісі әр түрлі болып келеді. 
    Эпилепсияны  зерттеушілердің көпшілігі кіші ұстамалардың қатарына абсанспен бірге бұлшықет тонусының қысқа уақыттық пароксизмальды жағдайларын  біріктірді: пропульсивті ұстамалар(салем – ұстамалр, найзағай тәрізді және клоникалық пропульсивті ұстамалар деп бөледі), ретропульсивті (клоникалық, рудиментарлы және пикнолептикалық деп бөледі), сондай – ақ импульсивті кіші ұстмалар. 
    Пропульсивті (акинетикалық)  ұстамалар әр түрлі пропульсивті , яғни алға бағытталған қимыл қозғалыстар (пропуль-сия) тән. Пропульсивті ұстамаларда бастың, бүкіл дененің постуральды бұлшықет тонусының аяқ астынан әлсіреуі болады. Пропульсивті ұстамалар ерте жастағы балаларға тән(4 жасқа дейін). Көбінесе ұл балаларда түнгі уақытта пайда болады. A. Matthes пайымдауынша 80 % жағдайда олардың себебі бас миының пренатальды және постнатальды зақымдануы болып табылады. Үлкен жастағы адамдарда пропульсивті ұстамалармен қатар үлкен тырыспа ұстамалары болады. 
   Пропульсивті ұстамалардың әр түрлілігіне басын изеу қимылдарының сериялығы және басын бірден алға және артқа еңкейту (бұл кезде алдында тұрған затқа бетімен соғылуы мүмкін) жатады. Басын изеу және еңкейту 2-5 айлық балаларға тән. 
   Салем – ұстамалар деп атану себебі ұстама кезінде науқастардың іс – қимылы мұсұлмандық иіліп салем салуға ұқсайды (денесі алға еңкейеді, баы төмен түседі, ал қолдары жоғары және жан – жағына ашылады); бұндай ұстамалар құлаумен жүрмейді. 
Найзағай тәрізді ұстамалар салем – ұстамалардан айырмашылығы тез дамуымен көрінеді; ал басқа жағдайларда клиникалық көрінісі ұқсас болып келеді. Есте болатын жағдай бұл дененің тез және бірден бұру нәтижесінде науқастар құлауы мүмкін. 
    Фокальды  моторлы  ұстамалар  

     бір жақты клоникалық (бұлшықеттердің тартуы ) және дененің бір жартысының тоникалық (бұлшықеттердің жансыздануы) қозғалыстарымен көрінеді.  Науқастың басы мен көзі гемисфералық жаққа қарап тұрады. Дененің тонико – клоникалық жиырылулары көрінуі мүмкін. Джексондық моторлы ұстама кезінде әдетте алдымен саусақтардың, ауыз бұрышының және бір табанының тоникалық жиырылуы байқалады. Одан кейін клоникалық қозғалыстар болады. Науқас қолын немесе аяғын көтере алады. Клоникалық қозғалыстар қарама –қарсы жаққа да берілуі мүмкін,  одан кейін жалпыға айналып естің жоғалуына әкеледі. Соңғы стадиясында науқаста 24 сағаттың ішінде қайтатын зақымдалған аяқ қолдың параличі пайда болуы мүмкін. Бөліктік эпилепсия белгілі бір топ бұлшықеттердің, әдетте беттің, қол мен аяқтың клоникалық тик пайда болуы шақырады. Тик бірнеше минут сайын пайда болып күндерге, айлар бойы көрінуі мүмкін. Спазмдар аяқ пен қолдың проксимальдыға қарағанда дистальды бұлшықеттерін зақымдайды. Бетте олар ауыз бұрышын, бір немесе екі қабақты, ал кейде мойын бұлшықеттері мен дененің бір бөлігін зақымдайды. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (26.03.2015)
Просмотров: 508 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]