Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

Қорғалжың қорығы слайд, презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қорғалжың қорығы слайд, презентация

 

 

 

 

 

 

 

Қорғалжың қорығы – Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз-Қорғалжың көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258,9 мың га. 
    Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 –42 ° С суық болса, шілдеде температура 38-39 °С-қа жетеді. 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ күндер болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Сәуір айының аяғы, мамыр айының басында қорықтағы қызғалдақтар гүлдегенде айнала түрлі-түсті ашық түстерге боялып, жер бетіне бейне бір сұлу кілем төселгендей сезім қалдырады. 
Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар кездеседі. Кейде қорықтың аумағынан көршілес Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің ормандарын мекен ететін сілеусін, қодас, бұлғын сияқты сүтқоректілерді байқауға болады.  Қорғалжың көлдеріне 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (04.05.2014)
Просмотров: 1252 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]