Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 17.10.2017
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

Кірме сөз слайд, презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кірме сөз слайд, презентация

 

 

I топ 
Араб, парсы тілінен енген сөздер: 
адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.
Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды. 
III топ
Орыс тілінен енген сөздер:
А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.
Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.
Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.
Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде - өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран 
II топ
Монғол тілінен енген сөздер:
А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.
Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.
Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
  

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (02.05.2014)
Просмотров: 2121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]