Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

Қазақтың ұлттық киімдері слайд, презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақтың ұлттық киімдері слайд, презентация

 

 

Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқының киім – кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. 
Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері.  Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.
Сәукеле  - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін  айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады.
Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы  шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың  халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді. 
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.
Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді. 

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (15.05.2014)
Просмотров: 11902 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]