Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Қазақ тілі

9 мамыр жеңіс күні слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

9 мамыр жеңіс күні слайд,презентация
 
 
 
 
Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
 
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды. 
1941 жылы Алматыда генерал   И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған. 
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
 
 
 
 
 

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin (18.03.2014)
Просмотров: 8394 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]