Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Жемқорлық слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жемқорлық слайд,презентация

 

 

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. 
Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonalұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.
Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр).
 
 
Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (01.03.2015)
Просмотров: 2398 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]