Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Жаңа замандағы консервативтік саяси идеялар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Жаңа замандағы консервативтік саяси идеялар слайд,презентация

 

 

«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея»
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.
Консерватизм - Французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Консервативті ойлау әдетге әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа жауап болыл табылады.
Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі;
Кейбір саяси партиялардың ұстанған бағдарламалық бағыты. Консерватизм саяси идеология ретінде жаңа дәуірде пайда болды. Консерватизмнің алғашқы "идеологы" ағылшынның саяси қайраткері, философы және публицисі Эдмунд Берк (1729 — 1797) болды. "Консерватизм" терминін 1818 жылдан "Консерватор" журналын шығарып тұрған француз жазушысы Ф.Р. де Шатобриан (1768 — 1848) алғаш рет қолданған. Консерватизм идеология түрі немесе постиндустриалды қоғамның қазіргі кездегі тұжырымдамасы ретінде үш түрлі мағынада қолданылады:
дәстүршілдік. Ол нарықтық экономикаға тән әлеуметтік құрылымдар мен моральдық дәстүрлердің сақталуына негізделеді. Көрнекті өкілдері: Э.Берк, Ж. де Местр, JI. де Бональд Дәстүршілдік XX ғасырдың 70 — 80 жылдары АҚШ-тағы "жаңа оңшылдардың" қозғалысында көрініс тапты;
либертшілдік (неміс философы Алиберттің ілімін қолдаушылар). Олар индивидтің бостандығын шектемеуді уағыздады;
жаңа консерватизм Олар адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру, әлеуметтік қарым-қатынастарды демократияландыру идеяларын ұстанады. Қазіргі заманғы консерваторлық күштер мен ағымдар бірқалыпты консерваторлык ойлаудан бас тартып, өз идеологиясы мен практикалық саясатын бұқара халықтың мүдделері мен қажеттіліктеріне жақындастыруға үміттенуде. Саяси консерватизм — қоғамның қалыптасқан саяси іс-әрекетінің тенденциясына айналды. Саяси консерватизмді жақтаушылар өздері өмір сүріп отырған экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысты сақтап тұруға мүдделі, әрі оның тұрақтылығына кепіл бола алатын сипаты мен ерекшеліктерін көрсетеді.[1]

Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (01.04.2015)
Просмотров: 969 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]