Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Тоғызқұмалақ ойыны слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Тоғызқұмалақ ойыны слайд,презентация

 

 

Тоғызқұмалақ –қазақта кең тараған қызықты ойын түрі. Қаратау қазбаларынының арасынан табылған тас “қазан” осы тоғыз құмалақты еске салады. Бұл ойын Қырғызстан, Монғолия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, тіпті алыс шетел қазақтарының арасында тараған. Бас шынықтыратын бұл ойынды біздің ұлттық “шахматымыз” десе де болады. 162 таста ойнатылады. 
       

 Ойын ережесі бойынша уақыт белгілеп, құмалақтар салынған тоғызқұмалақ тақтасы дайын болған соң,  ойыншылар ойынды бастап кетеді. 
  Бірінші жүрісте жеребе бойынша  анықталған ойыншы  бастайды.  Жүріс сағат жүрісіне  қарсы бағытта жасалады. Алғашты жүрісті ойыншы, мысалы “таңдық”  пен маңдайдан жүргеніні хабарлайды. (Алғашқы жүрісті тек   тоғызыншы отаудан ғана емес, басқа кез-келген отаудың бірінен жүре алады.) Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана   қалдырып, жүріс жасаған отаудан кейінгісінен бастап бір-бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып,өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтарының саны жұп болып тұрған отауды“жабық отау“ деп атайды. 


Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау “ашық отау“ деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.
  Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді.Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады.Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын,барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады. 
Ал ойыншының қай-қайсысы болмасын,қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса, онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады.
   Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (22.06.2014)
Просмотров: 4290 | Теги: презентация, Тоғызқұмалақ ойыны, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]