Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Темекі туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

 

Темекі туралы слайд,презентация

 

 

Темекі ”деген  сөз  Тобого  деген  арал  атынан  шыққан  көрінеді.  1492  жылы  15  қазанда  орталық  Америка  жағалауларына  келген  испан  матростарының  айтуынша, “ tobacco ”   деген  сөзбен  жергілікті  тұрғындар  дәстүрлі  темекі  шегуге  арналған  үлкен  кептірілген  жапырақтарды  атаған.  1959  жылы  Португалиядағы  француз  елшісі  Жан  Нико  Франция  елінің  ханшайымы  Екатерина  Медичиге  үздіксіз  бас  ауруынан  сауығуға  көмектеседі  деп  темекінің  жапырағы  мен  тұқымын  сыйға  тартады.  Осыдан  көп  ұзамай – ақ,  бүкіл  Францияда  темекі  иіскеу  сәнге  айналды. Жан  Никоның  құрметіне  өсімдік  латынша    “ Nicotiuna ”   деген  атты  иеленді,  ал  ХІХ  ғасырдың  басында  одан  бөлінетін  алколоид  “ Никотин ”   деп  аталды.   Темекі  тарту  неғұрлым кен тараған зиянды  әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің ќұрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйќысы келеді.)
Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа  зиянды  әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. 
Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға   шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (22.06.2014)
Просмотров: 3384 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]