Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Теледидар туралы мағлұмат слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Теледидар туралы мағлұмат слайд,презентация

 

 

 

Теледидар бүкіл әлемнің бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Кішкентай балақайлардан еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып, тамашалайды. Теледидардың шығу тарихы, Televisorium латын тілінен аударғанда алыстан көруші дегенді білдіреді.Теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп ізденді. 1884ж неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектес ойлап тапты. Ол теледидардың механикалық бір түрі десе де болады. Ойлап тапқан соң арада 14 жыл өткенде катодты сәулелі түтікшені шығарды.Электронды сәулелі түтікшені жасаушылардың бірі ресейлік профессор Борис Розинг 1907ж өнертабысы үшін патент алды.Нағыз электрондық теледидарды жасауды шәкірті В.Зворыкиннің үлесі тиді. 1917ж бері АҚШта білім алған ғалым 1923ж алғашқы киноскопты ойлап шығарды. 1933ж бейне сигналды қосты.Қаңылтырды, картон дискісін, бос қорапты, фонарьды қолданған. 1927ж Э.Александерсон тікелей эфирден адамның темекі тартып тұрғанын көрсетті. АҚШ әлемге ең алғашқы рет теледидарлар шығара бастайды. Алғашқы телехабарлар АҚШта 1927ж, Ұлыбританияд 1928ж Германияда 1929ж пайда болды. КСРОда Б-2 маркалы теледидар 1932ж Ленинградта Коминтерн зауытында жасалды. көлемі 3*4см болды. 1954ж алғашқы түрлі түсті теледидарлар пайда болды. Бағасы 1000 АҚШ доллары болатын. Қазыргімен есептегенде шамамен 8000 сомасы. Істеп тұру үшін тұрақты жылына 1000 доллар ақша қажет болды. 1962ж америкалық спутниктік телеарнасы алғаш рет тікелей эфирден таратты. Пульт 1975ж ойлап табылса, плазмалық теледидар 1977ж пайда болды. Тұрақты хабарларды 1939ж беріле бастады. Түтікше лампалы теледидардың пайда болуына септігін тигізді. Оны ойлап тапқан Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун болатын.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 1822 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]