Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Түбір өзектерін пломбылау слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Түбір өзектерін  пломбылау слайд,презентация

 

 

 Түбір  өзектерін  пломбылауға(бітеуге)  арналған  материалдар (силерлер).Жүйесі.Жұмсақ қатаймайтын  созылымтал  материалдар.Құрамы,қасиеттері.Түбір өзектерін  уақытша  пломбылау (бітеу).Көрсетілімдері,орындау тәсілі.Түбір  өзектерін  тұрақты  пломбылауға  арналған  материалдар.Жұмсақ  созылымтал,қатаятын материалдар,құрамы мен қасиеттері,пломбылау  техникасы. Гуттаперча.Құрамы,қасиеттері.Гуттаперчамен  түбір өзектерін  бітеу.Түбір өзектерін  толтыруға арналған  термофилдер  жүйесі,пломбылау  техникасы.        Түбір өзектерін  пломбылау  асқынған  тісжегіні  емдеудің  соңғы  жауапты  кезеңі болып табылады және тіс ұлпасы  және оның  ыдырандысынан тазаланған  өзектер  инфекция  көзі болмау үшін  жүргізілетін  емдеу  шараларының  бірі.Түбір   өзектерінің  сапалы  пломбылануы  немесе  толтырылуы (бітелуі)  көптеген  одонтогендік  асқынулардың  алдын  алуға  мүмкіндік береді.
Түбір өзектерін  пломбылауға  арналған  материалдарға  қойылатын талаптар : 
Өзек қабырғаларына жақсы жабысу;
өзекті тығыз бітеу (герметизм  сақтау),қажет болса  өзектен  жеңіл  шығарылуы;
Рентгенайқындылығы
Қатайғаннан  кейін  отырмау;
Тіс тіндерін  боямау;
Бактериялар  өсуіне  қолайлы ортаға  айналмау;
Тіндер  сұйығында  ерімеу;
Қатаю  уақыты  өзекті  пломбылауға  жеткілікті  болу,
Мутагендік  қасиеті болмау;
Тіс тіндерімен  және тіс  төңірегіндегі  тіндермен  биологиялық  сиымдықта (үйлесімділікте)  болу,
Аллергиялық  реакция  туындатпау.

Түбір  өзектерін  пломбылауға  арналған  материалдар  жүйесі:
1.Жұмсақ қатаймайтын койыртпақтар – уақытша бітеуге арналған,
2.Жұмсақ  созылмалы өз бетімен  қатаятын  материалдар (силерлер)
3. Біріншілік  қатты  материалдар (филерлер) немесе штифтер

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (12.06.2015)
Просмотров: 480 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]