Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кедендік әкімшілік жүргізу шеңберінде тексеру слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кедендік әкімшілік жүргізу шеңберінде тексеру слайд,презентация

 

 

      1) жоспарлы тексеру - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке нақты қатысушыны алдын ала жоспарланған тексеру. 
2) жоспардан тыс тексеру - мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары берген Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылуын куәландыратын, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегi ақпараттарды талдау нәтижелерi бойынша мәлiметтер алу;
3) рейдтiк тексеру - Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдары кеден органдарымен бiрлесiп жүзеге асыратын тексеру;
  4) үстеме тексеру - кеден органдары тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн субъект берген мәлiметтерiнiң дұрыстығын растау мақсатында үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда, үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
  5) құжаттық тексеру - ұйғарым ресiмдеудi талап етпейтiн және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар берген жүктiң кедендiк декларацияларындағы, тауарға iлеспе және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi зерделеу және талдау негiзiнде тiкелей кеден органдары жүзеге асыратын тексеру. Құжаттық тексеру тiкелей кеден органы орналасқан жер бойынша жүргiзiледi.
 1. Кеден органдары кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзудi мынадай кезеңдiлiкпен:
1жоспарлы тексерудi - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтiң нақты қатысушысына қатысты жылына бiр реттен жиi емес;   2) рейдтiк тексерудi - Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдары белгiлеген мерзiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
 2. Шектеу мына жағдайларда көзделмейдi:
  1) жоспардан тыс тексерулер жүргiзу кезiнде - аталған тексерулер Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылғандығын куәландыратын, мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары берген мәлiметтер алынған кезде, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның және мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегi ақпаратты талдау нәтижелерi бойынша; шет мемлекеттердiң салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесiнде алынған мәлiметтердi тексеру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тағайындалады;
2) үстеме тексерулер жүргiзу кезiнде - аталған тексерулер тексерiлетiн субъект пен үшiншi тұлғаның өзара байланысының жекелеген мәселелерiн қозғайды;
3) құжаттық тексерулер жүргiзу кезiнде – кеден органдары аталған тексерулердi кеден органының қарауында жатқан, кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн берiлген кедендiк декларациялар мен құжаттарды қайталап тексеру арқылы жүзеге асырады.
    
 Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу үшiн нұсқама.Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi не кеден берген нұсқама ұсыныла отырып жүргiзiледi. Нұсқамаға кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қоюға тиiс, ол елтаңбалық мөрмен расталған, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелген болуға тиiс. Нұсқама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес прокуратура органдарында тiркелуге тиiс. Кеден органының нұсқамасында мынадай деректемелер:
1) нұсқаманың кеден органында тiркелген күнi мен нөмiрi;2) нұсқаманы енгiзген кеден органының атауы;3) сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушының толық атауы;4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; 5) тексерудiң мақсаты; 6) кеден органы тексерушi адамдарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты; 7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi; 8) тексерiлетiн кезең болуға тиiс.
Бiр нұсқаманың негiзiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушыға бiр ғана тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 401 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]