Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Статистиканың даму кезеңдері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Статистиканың даму кезеңдері слайд,презентация

 

 

 

Статистика — ғылымның бiр тармағы, практикалық қызмет саласы, бiлiм бағыты, таным құралы. Статистика дегенде мәлiметтердi жинақтау процесiнде, оларды қайта өңдеп, бейтарап әрi анық талдау ережелерiн де түсiнемiз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, статистика — әрi ғылым, әрi қызмет саласы, әрi мамандық түрi. Ол арнайы ұйымдастырылған бiлiм тармағы да, белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыруға қажеттi пәрмендi құрал да, кәсiпкерлiк қызмет саласы да болып табылады.
Статистика пайда болған кезiнен бастап-ақ мемлекеттi басқарудың маңызды құралы ретiнде қалыптасып онымен бiр мезгiлде көптеген оқиғалар мен фактiлердi мөлшерлiк тұрғыдан тiркеу және белгiлi бiр деңгейде ретке келтiру нәтижесiнде ғылыми тұрғыдан өте қызықты материалдар да жинақталды. Осылайша қоғамның өмірі мен тұрмысы жөніндегі мәліміттерге практикалық мұқтаждық статистиканы туғызды.
Статистика сөзi күнделiктi өмiр мен ғылымға XVII-XVIII ғасырларда кiрiп келдi. Ағылшын ғалымдары Д.Граунт (1620-1674) пен В.Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі статистика ғылымының дамуына себеп болды. Бастапқы кезде сауда мен қаржы капиталының және ақша қатынастарының дамуы нәтижесiнде пайда болған қажеттiлiктi қанағаттандыру мақсатында жинақталған мемлекет халқы, экономикалық және саяси жағдай жөнiндегi мәлiметтер статистикалық ақпараттар деген атпен жүргiзiлдi.

Статистика әдістемесі 
Статистика әдiстемесi дегенде бұқаралық құбылыс пен процестi ғылыми тұрғыдан зерттеу мен басқаруда, оның бойынан байқалатын заңдылықтарды үйренуде және оларды iс жүзiнде пайдалану барысында қолданылатын өзiндiк әдiстi, яғни әдiс-амалдар, жолдар, құралдар кешенiн түсiнемiз. Статистикалық бақылау процесiнде өндiрiстiк немесе зертханалық жағдайда тәжiрибе-сынақтар өткiзу, есептiк немесе арнайы зерттеулер мен тiркеулердi жүзеге асыру, анкеталық немесе iрiктеу әдiстерi бойынша бақылау және басқалар пайдаланылады.
Алғашында практикалық қызметте жинақталған тәжiрибелердi қорыту жолымен мемлекеттi басқаруға қажеттi мәлiметтердi топтастырудың, қайта іздеудiң, талдау мен қолданудың ереже-тәртiптерi, жолдары мен әдiстерi жасалды. Статистика осындай ғылым ретiнде танылып, жаңа iзденiстер нәтижесiнде байи түстi. Оның әдiс-амалдарын жетiлдiруге математиканың құралдары мен теориялары қолданылды. Өйткенi статистика да математика сияқты сандармен,шамалармен шұғылданады, бiрақ оның сапалық қасиетi жалпы бұқаралық құбылыстарды өлшеу нәтижесiнде айқындалады. 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (11.03.2015)
Просмотров: 776 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]