Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Саяси билік слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Саяси билік слайд,презентация

 

 

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген. 
Биліктің  ең алдымен басқару мен басқалардың әрекетіне басшылық жасау, оларды өз еркіне бағындыру қабілеті. «Билік- жалпы мағынада-қандай да бір құралдың-беделдің, құқықтың, күш көрсетудің көмегімен өз еркін жүзеге асыру, адамдардың қызметіне , жүріс-тұрысына  анықтаушы әсер ету қабілетімен мүмкіншілігі»
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. 
1.  Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатка, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588— 1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2.  Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-түрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеггің ерекше түрі.
3.  Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4.  Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы катынастың ерекше тұрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, баскарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5.  Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мумкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
6.  Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытгалған іс-әрекет дейді.
8.  Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
1.Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндірді.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін - өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекетің ерекше түрі.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 2304 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]