Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Сақтандыру нарығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Сақтандыру нарығы слайд,презентация

 

 

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады: 1. Уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті; 2. Тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); 3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; 4. Ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; 5. Бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; 6. Сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуді; 7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; 8. Сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
2010 жылдан бастап жалпы ішкі өнімдегі сақтау резервтерінің үлесі бірте – бірте көбейіп, 2011 жылы 0,3% құрап отыр.
Сақтандыру компанияларының қызметін бағалаудағы маңызды көрсеткіш сақтандыру резервтерінің сомасы. 2011 жылы сақтандыру резервтерінің 76,4% он сақтандыру компанияларының үлесіне тиесілі.
2011 жылғы сақтандыру резервтері сомасының едәуір бөлігі, яғни  18,4% - ы, «СК Евразия» АҚ үлесінде, одан кейінгі орында, «Қаз-Коммерц-Полис СК» АҚ – 15,6%, «Қазақшетсақтандыру» АҚ үлесі 10,2% 
2011 жылы жиынтық активтер сомасының көбеюі есебінен активтер құрылымында біршама өзгерістер болды. Активтер құрылымында жедел салымдар үлесі 15,7%-дан 10%-ға төменделген. Ал бағалы қағаздарда инвестицияланған активтер сомасы 44,6% -дан 57,5%-ға көтерілген. Бұл көрсеткіштің өсуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденционалды нормативтерді орындауларымен байланысты. Басқа да заңды тұлғалардың капиталдарына 2%-ды, ақшалай қаражаттар 6%-ды, сақтанушылар мен делдардардан алынатын сыйақы сомалары - 13%-ды, басқа да активтер  - 12% құрап отыр.
Сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі 2011 жылы 40,0 млрд. теңгені құрады, бұл өткен 2003 жылмен салыстырғанда 11,1 млрд. теңгеге (38,4%) артық.
Дамыған мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Жапонияда - 72%, АҚШ - 48%, Германияда - 40%. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (17.04.2015)
Просмотров: 1244 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]