Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

ҚР тұрақты даму тұжырымдамасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

ҚР тұрақты даму тұжырымдамасы  слайд,презентация

 

 

        ҚР Президентінің Жарлығымен Тұрақты даму тұжырымдамасы қабылданды. Осы Тұжырымдамаға сәйкес негізгі мақсат елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімде қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық аспектілердің балансына қол жеткізу. Қойылған мақсатқа сәйкес Тұрақты даму тұжырымдамасында төмендегідей міндеттерді шешу қойылған.
    1. Ресурстарды тиімді пайдалану көрсеткішін 2012 жылға қарай 37%-ға, 2018 жылға қарай 43%-ға және 2024 жылға қарай 53%-ға дейін арттыру 2. 1000 адамға шаққанда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту 3. Экологиялық тұрақтылық индексін 2012 жылға қарай 10 %-ға, 2018 жылға қарай 15 %-ға, 2024 жылға қарай 25 %-ға дейін өсіру 4. Ішкі және сыртқы саясаттың табыспен іске асырылуын қамтамасыз ету

 

         Дайындық кезеңі (2007- 2009 жылдар) – Тұрақты даму принциптерін қоғамдық және саяси іс әрекеттердің барлық салаларына ендіру, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға жылжуды жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасау. 
        Бірінші кезең (2010 - 2012 жылдар) – ҚР ның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді қамтамасыз етуге негізделген.     Екінші кезең (2013 - 2018 жылдар) – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.     Үшінші кезең (2019 - 2024 жылдар) – тұрақты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
    • Тұрақты даму үшін саяси негіз жасау; • ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру; • ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру; • ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; • салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту; • қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру; • трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму. Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар: • өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін енгізу; • жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану; • тұрақты көлік жүйелерін дамыту; • энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау; • Тұрақты дамудың өңірлік мәселелері

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (07.03.2015)
Просмотров: 1154 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]