Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі слайд,презентация

 

 

         Халықты авария, апат, зілзала салдарынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Паналау ғимараттары толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.

Паналау ғимараттары бейбiт кезде шаруашылық, мәдени-тұрмыстық қажеттерге пайдаланылады. Мұндай екi жақты пайдалану оларды жобалау кезiнде-ақ көзделенуi қажет. Бейбiт кезде паналау ғимараттарын өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдалану олардың қорғаныстық қасиеттерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. Паналау ғимараттарын соғыс уақытының жағдайына, яғни оны тiкелей арналған мақсатына пайдалануға көшiру мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде iске асырылуы керек. Паналау ғимараттарына жасырынушылар үшiн қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар қамтамасыз етiлуi қажет. Бұл жағдайлардың негiзгi қажеттерiне көмiр қышқыл газының мөлшерi, температура, ауаның ылғалдылығы жатады. 
Паналау ғимараттары әдетте жасырынатын адамды орналасуға арналған негiзгi және қосалқы бөлмелерден (сүзгi-желдеткiш камерадан, санитарлық тораптардан, тамбур шлюздерден, қорғануға кiретiн және шығатын есiктерден су құйылған кеспектер, аспаптар, қалдықтар салынатын ыдыстар тұратын бөлмелерден тұрады. Сыйымдылығы үлкен паналау ғимараттарында қорғалатын дизель қондырғылары артезиан скважиналарына, азық-түлiк сақтауға және медициналық көмек көрсетуге арнаулы бөлмелер бөлiнедi.
Паналау ғимараттарына адамдар азаматтық қорғаныстың “Әуе шабуылы қаупi!“, “Радиациялық қауiп!“ сияқты дабылдары берiлгеннен кейiн жасырынады. Адамдарды жасыруды дер кезiнде және ұйымшылдықпен жүргiзу мақсатында паналау ғимараттары цехтарға, учаскелерге, тұрғын үй басқармасына, үйлерге, подъездерге алдын-ала бекiтiлiп ерiледi.
        Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда, оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезiнде онда адамдардың жасыруына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Зақым ошағынан өткен адамдарды, көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн олар транспорт құралдарымен қауiпсiз аймаққа жеткiзiлiп, қажеттi медициналық көмек көрсетiледi.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (23.03.2015)
Просмотров: 913 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]