Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Несие нарығы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Несие нарығы слайд,презентация

 

 

 

        4 Несие нарығы
4.1 Несие нарығы туралы түсінік және оның функциялары
 
Бәріне белгілі нарықтық экономикада несиенің ролі өте маңызды. Ақша капиталы жинақтар масштабының көбеюі несие нарығының дамуына жағымды әсер етеді. Ссудалық капитал қозғалысы келісімдерден тұрады: ақша түрінде жинақталған капитал, кейін міндетті түрде ссудалық капиталға айналады. Несие нарығы экономикалық категория ретінде өзіндік құнның қозғалысымен байланысты, оның мәнін қалыптастыратын әлеуметтік-экономикалық қатынастарды айқындайды.
Несие нарығы – қаржы  құралдарында қажеттілігі бар немесе белгілі шарттар бойынша қаржы құралдарын қарызға бере алатын қызмет ететін шаруашылық субъектілер мен халықтың арасында қарым-қатынасты орнататын жүйе. Несие нарығы арқылы ақша капиталы қалыптасатын, өндіріс процесінде экономиканың әр түрлі сфераларының арасында қарыздық капиталды жинақтау, бөлу, қайта бөлу жүзеге асады. Ол нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталып, кейін кредиторға қайта қайтып келеді (банктерге, т.б. несие-қаржы институттарына). Несие нарығының мәні онда айналатын ақша капиталына байланыссыз. Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналысының деңгейі өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысын, ақша жинақтарының капитал салымына трансформациясы, ғылыми-техникалық революцияны, негізгі капиталдың жаңаруы жүзеге асырылады. Қаржы нарығының негізгі құрамды бөлігі ретінде, несие нарығы өндіріс пен капиталды байланыстырады. Ақша капиталы көбіне қайта өндіріс процесіне тиімді әсер ететін ссудалық ақша капиталы түрінде қалыптасады. Макроэкономикалық көзқарас бойынша ақша капиталы нақты жинақтарымен тығыз байланысты. Бәріне әйгілі ақша капиталы негізінен халықтың жинақтары есебінен қалыптасады, ал олардың мөлшерлері жалпы ішкі өнімге капитал салымының қалыптасуына үлесін атқарады.
Несие нарығының  мәні мен ролін оның атқаратын функциялары анықтайды. Несие теориясында оның функциялары туралы бірдей көзқарас жоқ. Осыдан шығатын, несиенің негізгі функциясы – ол қайта орналастырушы, қазақстандық несие нарығына 4 функция тән:
- тауар айналысы несие арқылы жүзеге асырады;
-  мемлекеттің, шетел клиенттерінің, шаруашылық субъектілердің ақша салымдарын тарту;
-  өндіріс процесіне капитал салымы ретінде қолданылатын, ақша қорларын ссудалық капиталға аккумуляциясын жасау;
-  мемлекеттік және тұтынушылық шығындарды өтеу үшін, мықты қаржылық-өндірістік топтарды қалыптастыру үшін, мемлекеттік және халықтың капиталымен қызмет ету.
Бәріне әйгілі несие нарығы бағалы қағаз бен несие ресурстары түрінде қалыптасатын қорларды пайдалану оның ақша формасында қозғалысымен шекті байланысты. Оның деңгейімен өндірістің дамуына, жалпы әлеуметтік-экономикалық қатынастарға ақша қорларының көлемі мен қозғалысы өлшеніп анықталады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 1252 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]