Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Үндістанның аграрлық саясаты слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Үндістанның аграрлық саясаты слайд,презентация

 

 

 

Аграрлық саясат тек қана ауыл шаруашылығын, оның өнімдерін және агробизнестің түрлі салаларын дамытатын саясат емес. Ол сонымен қатар халық санының өсуіне, инфрақұрылымның дамуына және тағы басқа көптеген маңызды тетіктермен бірге елдің қоғамдық өміріне әсерін тигізетін елеулі факторлардың бірі саналады. Аграрлық саясаттың жалпы елдің экономикалық саясатынан бөлек болуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік ерекшеліктерінің болуында, аграрлық қоғамдастықтар мамандануының бақылауында өркендеуіне байланысты.
Аграрлық саясат ауыл шаруашылығына және бүкіл агробизнеске, өнімнің бірқалыпты өсуіне, оның әлеуметтік және өзіндік дамуына, болашақта үлкен өнім жетістіктеріне жетуді көздейді. Біріншіден, ол мол әрі сапалы және арзан өнім өсіру, екіншіден, оны дайындау, сақтау, өңдеу және сауда орындары арқылы халықты жоғары сапалы азық-түлік өнімдері мен талаптарын қамтамасыз ету. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі деген ұғымға, ауыл шаруашылығы, дайындау, сақтау, тамақ өнеркәсібі мен сауда-саттық нысандары кіреді. 
Үндістан бидайдың рекордтық өнімін жинайды Ағымдағы жылы Үндістан бидайдың рекордтық өнімін жинайды деп хабаралады Бидайды зерттеу жөніндегі Үндістан мемлекеттік басқармасының басшысы Veena Sharma. Бұл туралы Dow Jones АА мәлімдеді. 2014 жылғы күздік бидайға арналған егіс алаңы 31 млн. га-дан асып кетті, бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Өткен жылы бидай егетін алаң 29,6 млн. га-ны құрады. 
Үндістан бидайды экспортқа жаппай сатудың мәнін түсінді Біз бұған дейін жазғанымыздай, мемлекеттік қорлардан экспортқа астық сату бойынша тендерлер өткізетін Үндістанның мемлекеттік компаниялары халықаралық трейдерлерден 340 мың тоннаға өтінім алды. Ал тендерге қатысушылардың бағасы көп жағдайда Үндістан Үкіметі белгілеген ең төмен баға 260 $/тоннадан жоғары болды. 
Сыртқы экспорттаушылар тарабынан үнді бидайына осындай қызығушылық білдірген ел үкіметі ел аумағынан 2 млн. тонна астық шығару үшін қаңтарда, ақпанда, наурызда экспорттық тендерлер кезегін ашуды жоспарлап отыр, Үндістан шенеуніктері үнді бидайына сұраныс осы қалпында сақталады деп үміттенеді, оның себебі австралия егінінің шығымдылығы бұрынғыға қарағанда жақсы емес деп болжанып отыр. 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік қоймалардағы бидай қоры норма 14 млн. тонна болғанда, 34 млн. тоннадан асып отыр.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (13.03.2015)
Просмотров: 424 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]