Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 24.1.2017
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Нәрестелердің физиологиялық сары аурулары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

 

Нәрестелердің физиологиялық сары аурулары слайд,презентация

 

 

  Сарғаю-өт өнімдерінің жиналуынан терінің,шырышты қабықтың,көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.
   Даму жолдарына қарай сарғыштықтың 3 түрін ажыратамыз:
1.Бауырлық немесе ұлпалық сарғыштану өт өндірілуі мен оның ішекке шығарылуының бұзылуынан дамиды.Ол:
-бауыр жасушаларының біріншілікті бұзылыстарынан ;
-өттің ұзақ уақыт бауырда жиналуы;
-өт өндіруге қажетті ферменттердің гендік ақаларынан дамиды.
2.Механикалық немесе бауырастылық сарғыштану:
-жалпы өт өзегі ішінен бітеліп қалуынан;
-өт өзегі сыртынан қысылыр қалуынан дамиды.
3.Гемолиздік немесе бауырүстілік сарғыштану-эритроциттердің артық ыдыракынан өт өнімдерінің көп бөлінуінен дамиды.
               Механикалық сарғыштану.
         Өттің жалпы өзегі сыртынан өспемен қысылып немесе ішінен таспен,құрттармен,қою өтпне бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді,ол өзінің жолдарында іркіліп,оның қысымы 2,7кпа астам көтеріледі,өт қылтамырлары керіліп жыртылады.Осыдан қанда тура билирубиннің мөлшері көтеріледі,адамның терісі мен шырышты қабаттары сарғыштанады.Қанда өт қышқылы,холестерин мөлшері көбейеді,зәрмен билирубин және өт қышқылдары шығарыла бастайды.Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.Өт қышқылдарының қанға түсуінен холемиялық және ахолиялық синдромдар дамиды.
             Бауырлық сарғыштану.
Бауырлық сарғыштану :
-жұқпалардың;
-улы заттардың әсерлерінен ;
-ұзақ уақыт өттің бауырда іркіліп тұруынан;
-ферменттік ақаулар әсерлерінен  туады. 
Бауырлық сарғыштану 3 сатыда өтеді:
1.Сарғыштану алды сатысы
2.Сарғыштану сатысы
3.Кома алды сатысы
             Гемолиздік сарғыштану.
        Гемолиздік сарғыштанудың себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі.Олардың ыдырауының артуы химиялық заттармен,биологиялық улармен уланғанда,сәйкес емес қан құйғанда,дене күйіктері мен үсіктерінде,тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар тб жағдайларда байқалады.Гемолиздік сарғыштану кезінде бауырда тура билирубин түзілуі,ішектерде уробилиноген мен стеркобилиногеннің құрылуы көбейеді.Сондықтан стеркобилин мен уробилин мөлшері несеп пен нәжісте ұлғаяды.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 915 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]