Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Аралас

Митралдық қақпақшаның пролапсы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Митралдық қақпақшаның пролапсы слайд,презентация

 

Жүрек қақпақшалары дегеніміз не?
 Пролапс кезінде жүрек қақпақшалары қалай жұмыс істейді?
Митральды қақпақшаның пролапсы неліктен пайда болады?
Қақпақшаның қалыпты құрылымын бұзатын жүректің әртүрлі аурулары 
Туа пайда болған митральды қақпақшаның пролапсы
Митральды қақпақша пролапсының диагностикасы
Емі
Жүрек қанды барлық ағзада айналып жүруін қамтамасыз ететін өзіндік насосты болып табылады. Бұл жүрек камераларындағы қысымды бірқалыпты ұстап тұру нәтижесінде жүзеге асады. Адам жүрегі 4 камерадан тұрады: 2 қарынша және 2 жүрекше. Қақпақша – бұл  жүрек камерасындағы қысымды реттеп отыратын және қанның қозғалысын керек бағытта ұстап тұратын ерекше  заслонкалар. 

Жүректе 4 қақпақша бар: 
Митральды қақпақша сол жүрекше мен сол қарынша аралығында орналасады. Бұл қақпақша екі жармадан тұрады: алдыңғы және артқы. Митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының пролапсы жиірек кездеседі. Әрбір жармаға хорда деп аталатын  жұқа жіпшелер  бекінеді. Бұлар өз кезегінде үлкен емес бұлшықеттерге (емізікше, папиллярлы бұлшықеттер) бекиді. Қақпақшаның дұрыс қызмет атқаруы үшін жарманың, хорданың және емізікше бұлшықеттердің бірігіп жұмыс істеуі қажет. Жүректің жиырылуы кезінде ондағы қысым көтеріледі. Осы қысымның әсерінен хордамен және папиллярлы бұлшықеттермен ұсталынып тұратын жармалар ашылады. 
Трикуспидальды (үшжармалы) қақпақша 3 жармадан тұрады және оң жүрекше мен оң қарынша аралағында орналасқан. 
Аортальды қақпақша сол қарынша мен аортаның аралығында және қанның керісінше қарыншаға қайта оралуына мүмкіндік бермейді.  
Өкпелік артерияның қақпақшасы өкпе артериясы мен оң қарынша аралығында орналасады және қанның оң қарынша қайта оралуына мүмкіндік бермейді.

Сол қарыншада  2 тесік бар: біреуі сол жүрекше (мұнда митральды қақпақша орналасқан), екіншісі аортамен байланысады (аортальды қақпақша орналасқан). Қан жүректе келесі бағытта қозғалады: жүрекшеден ашық митральды қақпақша арқылы қарыншаға және одан кейін қарыншадан ашық аортальды қақпақша арқылы аортаға өтеді. Жиырылу кезінде қан сол қарынша дан қайтадан  жүрекшеге өтпес үшін,  әрі қарай аортаға кету үшін митральды қақпақша берік етіліп жабылады. Қарыншаның босаңсуы кезінде аортальды қақпақша жабылып, қан қайтадан жүрекке өте алмайды. 
Осындай принциппен трикуспидальды  (үшжармалы т) қақпақшы және өкпе артериясы жұмыс істейді.  Сонымен, жүрек қақпақшаларының қалыпты жұмыс істеуінің арқасында  қанның жүрек бөліктерінде қозғалысы және бүкіл организмдегі қанайналым жүзеге асып отырады.  

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Аралас | Добавил: Admin (12.04.2015)
Просмотров: 640 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]